Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАС ЖҰБАЙЛАР КӨПШІЛІККЕ ӨНЕГЕ БОЛДЫ

ЖАС ЖҰБАЙЛАР КӨПШІЛІККЕ ӨНЕГЕ БОЛДЫ

Кеше «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне ақ некелерін қидырғалы келген жас жұбайлар «Мектепке жол» қайырымдылық шарасын өткізіп, жалпы республикалық акцияға өз үлестерін қосты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы жанынан құрылған «Шын жүректен» еріктілер тобы мұрындық болуымен өткізілген шарада 16 бүлдіршінге қажетті оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталған мектеп сөмкелері таратылды.
Отбасылық өмірге жасалған алғашқы қадамдарын балақайларға қуаныш сыйлап, сауап жинаудан бастауға ниеттенген Нұрболат пен Ақмаралға ақжаулықты қарт анамыз ақ батасын беріп, шаңырақтары биік, ақ некелері берік, берекелі болуын тіледі.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
31 тамыз 2018 ж. 1 217 0