Сындарлы сәтте елмен біргеміз

– Осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтарға түсінгендері, шыдамдылық танытып, табанды болғандары үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Мәдениет қайраткерлеріне жеке рақметімді жолдаймын. Олар сөзбен де, іспен де қазақстандықтарға көмектесуде. «Карантиндегі жұлдыз« жалпыұлттық жобасының барысын ризашылықпен қадағалап отырмын. Бірегей әрі пайдалы бастама», - деді Мемлекет басшысы. Осы ретте Қазақстан Президенті дағдарыс жағдайы және оған берілген жедел жауап ведомстволардың қызметін жетілдіру, сонымен қатар орталық пен өңірлер арасындағы үйлесімділікті күшейту қажеттігін көрсетіп бергендігін баса айтты.
Біз тәртіп пен режимге бағынсақ, өз саулығымыз үшін. Сондықтан әрбір адам тазалықты сақтап, үйде отырғанымыз жөн!
Нұрбол Тұранов
«Өрлеу» жастар сыйлығының иегері