Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлер карантинде жататын науқастарға арнап ғимараттарын беруге дайын

Кәсіпкерлер карантинде жататын науқастарға арнап ғимараттарын беруге дайын

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Жазбадан белгілі болғандай, кәсіпкерлер Қайрат Боранбаев пен Мұрат Сәрсенбаев ел басына түскен сынақты жеңілдету үшін көмектесуге ынта білдірген. 
Атап айтқанда, Қ.Боранбаев қонақүйін, М.Сәрсенбаев әуежай маңындағы ғимаратты уақытша медициналық нысан ретінде пайдалануға беріп отыр.  Бұған дейін де, Ділмұхамед Абызов, Аида Керімқұлова сынды өзге де кәсіпкерлер халыққа тегін маска таратып, өңір тұрғындарына моральдық қолдау көрсеткен болатын.
"Осындай қайырымды жандар барда біз алмайтын асу, бағындырмайтын биік жоқ. Бар болыңдар, Сырдың арда азаматтары!», - делінген жазбада. 

01 сәуір 2020 ж. 301 0