Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке құрметіне Наурызбек деп қойған

Мереке құрметіне Наурызбек деп қойған

Дүние жарыққа ерекшелеп алып келетін Әз Наурыз қасиетті ай саналады. 22 наурызда күн мен түн теңесіп, дүние жаңарып, табиғат қысқы ұйқысынан оянып, көк дүркіреп көтеріледі.
Өзім де көктемде туғандықтан ба, жылдың осы жарқын мезгілін жақсы көремін. Көктемгершілік жер бусанып, диқандар егіс қамына кіріседі. «Көктемнің бір күні жылға азық» деп әр күнді тиімді пайдаланып, болашақ мол өнімнің негізін қалайды.
Тереңөзек кентінің байырғы тұрғыны Наурызбек Тоқтыбаев 1969 жылы наурыз айында дүниеге келіпті. Дүниеге ат ұстар ұл келгенде ата-анасы жақсы ырымға балап, қмейрамда туған перзентіне Наурызбек деп ат қойыпты.
– Ес біле келе наурыз айының қасиетін танып-білдім. Бұл күн қазағымның ұлық мерекесі саналады. Осындай қасиетті есім қойған ата-анама ризамын. Қай әке-шеше болмасын, баласына жақсы есім және жақсы тәрбие бергенді өздеріне парыз санайды. Олардың сенімін ақтау мен үшін міндет, – дейді Н.Тоқтыбаев
Наурызбек кентте 30 жылдан бері жүргізуші болып еңбек етеді. Соңғы 7 жылда қоғамдық көлік – Газельмен Қызылорда мен Тереңөзек аралығында жолаушы тасымалдайды, төрт баланың әкесі.
22 наурыз – бұл азамат пен оның отбасы үшін айрықша мереке.

Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ
21 наурыз 2020 ж. 491 0