Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сол сезімнің жүректе еді аңсары

Сол сезімнің жүректе еді аңсары

Бүгін  біз Сыр елінің ерке қызы, талантты ақын, Халықаралық  Жазушылар Одағының  мүшесі Толқын Қабылшаның бір топ өлеңің оқырман қауымға ұсынбақпыз.

Толқын Шахарбекқызы «Шабыт» Халықаралық  шығармашылық фестивалінің жүлдегері. «Жаныммен  жалғыз кешкем  мұң», «Жаңбырдағы сағыныш», «Осы бір сәт ұнайды» жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері  әзірбайжан, түрік, испан тілдеріне аударылған. Қазіргі таңда қаламгер «QYZYLORDA» телеарнасының  редакторы,  журналист-тележүргізуші болып қазмет атқарады.


Сағынышым-қуатым!

Алды-соқпақ, арты-мұң,
Жеткізбейтін жол мына.
Абақты ғой  бұл  ғұмыр,
ақылды  мен  арлыға.
Аңсарыңды бұғаулап,
арманыңа құн кескен,
Сағынышың жазалы,
құштарлығың- ол күнə.
Асу, асу жолдардан,
Бетегейлі белдерден,
Ғайып болды қанша арман,
Мен сүйініп,сен сенген.
Иір-қиыр мына жол,
Талай мұңның куəсі,
Шындығының шырайын,
Тағдыр өзі көмкерген.
Ақын болу азабын,
Адам болу мұратын.
Сезіндірген бұл жолда,
Сағынышым-қуатым!
Қимастығым жанарда,
Құштарлығым кеудемде,
Шынайыға шын құмар,
Ғұмы рбəлкімшынатым!
Алдышаттық, артымұң,
Сағым құшқан жолмына.
Сол сапардан бақ күткен,
Ақылды көп, арлы да.
Жолайрықта бір үміт,
Қол бұлғайды, қимаймын.
Сағынышым-кінəсіз,
Құштарлығым ол күнə.
Көз жасын күн сүйетін көктеммін мен.
Сыр іздеп өткен күннен,
Кеткен күннен.
Күмілжіп,
кімге айтамын, өкпемді мен?
Күлкісі күрсінісін көлейгелеп,

Көз жасын күн сүйетін көктеммін мен

Кім ұққан?
Жанымның бар арпалысын.
Кім ұқсын?
Жүрегімнің әр қағысын.
Мен мәңгі қарыздармын мына өлеңге,
Кеудемнің күліп атқан әр таңы үшін.
Аңсаумен жанды өртеген сағыныштың.
Сертімен сергелдеңнің,
Сабылыстың.
Жаңбырдай жауа алмайтын  аласұрам,
Өртеген әр мезетте жалыны іштің.
Мен  солай көктем болып күн кешемін.
Көк бұлтпен, ақ жауын мен тілдесемін.
Жазмыштың маған қиған ғанибетін,
Ақын боп туылмасам білмес едім.

Бір  кем...

Маңдайдағы бағым сірә,бес елі,
Аз болмады соған лайық сорым да.
Бір кем дейді,
Дүниенің есебі.
Тепереші қалар кейін қолыңда.
Бәзбіреулер баз кешкенде  әлемнен,
Бір кем дейді,
бақ пен сордың себебін.
Неге ендеше,жанұшырып келем мен?
Өзегімнен өшпесін деп өлеңім.
Бір кем болса,
ғұмыр күннің ғажабы.
Ессіз сүйген кеудемдегі шаттығым.
Неге ендеше, жүрегім бар жазалы?
Неге ендеше, басылмайды аптығым?
Енді біреу «бәрі  жалған»деседі,
Ақиқат боп өлең қалсын соңымда.
Маңдайымның бағы білем,бес елі.
Тағы да мұң.
Тағы да сор жолымда.

Бір үміт өлмесе болғаны...

Бір сәтте баз кешіп бәрінен,
Бір сәтте көз жұмды көп арман.
Бір мезет жанымның халінен,
Бір сәуле жылайды жоғалған.
Бір жүрек соғып тұр кеудемде,
Беймезгіл жылуы тоналған.
Бір ақ сәт шешеді барлығын,
Біз ғаріп, сол сәттің құрбаны.
Бір сенім айтады жарлығын,
Бір үміт өлмесе болғаны .
Бір мезет ғайып боп үлгердім,
Бір сәттік елестей жолдағы.
Бір тамшы көз жасы -гүлдердің,
Бір мезет суықтан тоңғаны.
Бір сезім беймезгіл көктейді,
Тәңірдің екі етпей жарлығын.
Жаныма бір мейір жетпейді,
Тәрк етіп кетер ем барлығын.
Бір ғана адалдық көксейді,
Бір ғана өкініш, тағдырым.
Бір шуақ жылытып төскейді.
Бір сәтте өбсе ғой жан нұрын.

Көздер кейде, бізден батыл...
Жолайрықта жанарыңмен жолықтым.
Көздер кейде бізден батыл,
соны ұқтым.
Жанардағы сағынышты айтудан,
Сен жасқандың,
мен тағдырдан қорықтым.
Қанатына сағынышын байлаған,
Жыл құсындай,
неге мұнша торықтым?!
Қыс мұңайып, көктем үміт үзгенмен,
Сені көрсем, сыздайды, –  деп күз кеудем.
Жанарымыз аңсар құшып тілдесті,
Жалқы тамшы сырғанады көздерден.
«Өлең» дейтін аманатым болмаса,
Тәңіріне серт айтысып,сөз берген.
Тағдырымда ештеңе жоқ өзгерген.
-Жолайрықта жанарыңмен кездестім,
Керегі жоқ,сенен басқа,өзге ешкім!
Қос қарашық дәл осылай тіл қатты,
Қимастық па?
Мұң кернеді, төзбес мұң.
Аспанымнан бұлт ауғандай бір сәтке,
Алқаракөк арманыммен үндестім.
Айтылмаған сырдың бәрі асыл ма?
Көздер кейде тым батылдау, расында!
Көктеменің нөсер жауған кешіндей,
Жанарымыз ұқсап тұрды жасынға.
Бізекеумізүнсіздіктемұңайдық.
Сол үнсіздік татиды екен ғасырға.
Көздеріміз бізден батыл,
соны ұқтым…

Сол сезімнің  жүректе  еді аңсары

Көктем  деемес, жаз да емес,
Ұқпадым,
Жаңбыр жауды, жаумағанды  көптен бір.
Ірки  алмай, жанарымның  шықтарын,
Көк бұлттарғақарай  бердім көк сеңгір.

Жаңбыр жауды,
Бір сағыныш жеткендей,
Тамшысында діріл қағып сан үміт,
Сол тамшылар өн бойымнан өткендей,
Мөлдіреген мұңға тұрдым малынып.

Жауып жатыр,
ауғандай бар құштары,
Тауды сүйіп, тасты құшып,тынымсыз.
Сағыныштан қалғым келмей тысқары,
Су астында тұра бердім мен үнсіз.

Қолшатыр ма?
Керегі жоқ, сенсеңіз,
Тәнім емес, жаным еді жаураған.
Көздерім бе?
сағыныш қой көрсеңіз,
Көк аспаннан жаңбыр болып жаумаған.

Көк аспаннан
жаңбырболып  жаумаған,
Сол сезімнің жүректе еді аңсары.
Жаңбырдағы іңкәрліктен аумаған,
Тәтті елесті,
Келе бердітамсағым.

 «Таңсәрі»

Таңғышықтар.
Тамаша  сәт. Таңсәрі.
Арайтаңның  ашылған  тұсаңсары.
Ақша  бұлттың айқара ашып құшағын,
Жыр оқыдың,
жаның  соны аңсады.
Тылсым  өлең,
тамсандырып тұманы.
Тау  суындай мөлдір  жаны  жылады.
Жыр  оқыдың,
табиғаттұр  ынтызар,
Тамшы жырдан  тарқайтындай  құмары
Көктөбенің күн  сүйгендей  көкбелін,
Жыр  оқыдың,
күлімқақты  көктемім.
Көк орайға күн  шуағы  ойысты,
Кезіктіріп қуанышты  көп  керім.
Жыр  оқыдың,
күнкерілді  қуанып.
Күн  керілсе, жаз  келері  бұланық.
Көпкүткендей, айшуақты  мезгілді,
Қарағай тұр  кәрі  жүзі қуарып.
Керім салжыр,
көркемүнмен  үндесіп.
Көкжиектенбара жаттымұңкөшіп.
Бәрін  қойшы, мен  бақытқа  кенелдім,
Қапиядашын  ақынмен  тілдесіп.

"Заманның  мұңы – бар мұңым"

Жалаңаш  қоғам  келбетін,
Жасыра  алмас  шымылдық.
Жетім  мұң  кезсежер  бетін,
Жезөкшелері  мұрындық.
Жартыкеш  байдың  бір күні,
Жалғанды  телір  жұмаққа.
Жарлының  жарым  тірлігі,
Жанпида үні  құлақта.
Жесірі  желпіп етегін,
Желменен желкен ашылып.
Жан емес  тәнде  жетегім,
Жарымес нәпсі  бас ұрып.
Жаутаңдап  көзі  мұңлықтар,
Жетімек тағдыр құн сұрар.
Жасыра  алмас шындыққа,
Жалғыздық  дейтін сыншы бар.
Жазмыш  па  осы ,жарық  күн?!
Заманның  мұңы -бар мұңым.
Жансауға  сұрап жалықтым,
Жахандануда  тағдырым.
Жырақта, желдің  өтінде..
Жаратқанына  сиынып.
Жаяды  үнсіз  саусағын,
Жансебіл  болған  бір  үміт.
Жезөкшелері  мұрындық.
Жартыкеш  байдың  бір күні,
Жалғанды  телір  жұмаққа.
Жарлының  жарым  тірлігі,
Жанпида үні  құлақта.
Жесірі  желпіп етегін,
Желменен желкен ашылып.
Жан емес  тәнде  жетегім,
Жарымес нәпсі  бас ұрып.
Жаутаңдап  көзі  мұңлықтар,
Жетімек тағдыр құн сұрар.
Жасыра  алмас шындыққа,
Жалғыздық  дейтін сыншы бар.
Жазмыш  па  осы ,жарық  күн?!
Заманның  мұңы -бар мұңым.
Жансауға  сұрап жалықтым,
Жахандануда  тағдырым.
Жырақта, желдің  өтінде..
Жаратқанына  сиынып.
Жаяды  үнсіз  саусағын,
Жансебіл  болған  бір  үміт.

******
Жөңкіліп бұлттай көшкен мың..
Жаныммен жалғыз кешкем мұң
Жап-жарық жұлдыз   ғаламнан
Жарқ етіп  жерге   түскен күн
Ойлы боп    туып    анамнан…
Ойсыздың    күйін    кешкенмін..
Қасірет құшып зіл батпан..
Қоңырқай жүзін күн қаққан
Қауқарсыз қара шал сынды.
Қасиетсізге тіл қатқан
Халін көр қайран жұртымның
Қамкөңіл болған құндақтан
Қаныммен қорғап қамал мың..
Қайғыға қанша қамалдым..
Қасиетім мен қаупім тұр
Қарашығында жанардың
Қадірі қойдай халқым жүр..
Қасқырға іздеп амал мың..
Бұлдыр да бұлдыр күн кешкен,
Баласы    бұлтпен  тілдескен
Бақырға  қиып  байлығын,
Бақытқа  қолдан  құн  кескен,
Ғайыптай ұшқыр заман бұл,
Ғаламторменен   үндескен…
Түлкі боп қашқан заман-мұң
Тазы боп қуған адам –мың..
Тірлігі  үшін  түн  қатқан
Тағдырға сансыз алаңмын.
Теңіздей   жаным  тасынып
Толасссыз ойға  қамалдым
Киесі  ұшып  даламның,
Қуаты  кеміп  қаламның,
Қара  сөз  болды  қадірсіз,
Каражат  қуып  алаңмын.
Аңқасы  кеуіп, жыр  жатыр
Аманатындай  анамның
Міз  бақпай, мінсіз қоғам  тұр..
Тауқыметіммен  алаңмын..
Қалайша  амал  табармын?
Қалайша  амал  табармын?

Өмір сенің әр сәтіңе  сүйенем!

Іңкарлікке толы  мына  кеудені,
Жабырқатпас,
енді келіп бөтен үн.
Ең бақытты әйел менмін жердегі,
Анау ғарыш - менің самғар мекенім.

Енді мені жылата алмас ешкім де.
Күмбір толы көңілімнің күйі ерен.
Бар қадірін- ұғындырған кеш мүлде.
Өмір сенің әр сәтіңе сүйенем.

Сүйемін мен,
Мұқата алмас өзге ешкім.
Жігерімді өмір сенсің жаныған.
Қанша арманмен қапияда кездестім,
Келбетімнен кісілікті таныған.

Көз жасыменкелген  кім  бармәреге?
Жеңіс менің өмірімнің әр күні...
Жұбатуға асықпасын және де ел.
Жасып қалсам,
ол  да  жазмышжарлығы.

Өлең  болмыс,
өзгешелеу жаным  нұр.
Бақыттының нақ өзіндей қалыбым,
Самғапжүрмін,
санқиынды  ұмытып,
Бойымдағы қандай  қуат  Тәңірім?

Қар секілді бола алсақ қой, кінәсіз?

Мынау ғалам арылсын деп күнəдан,
Аспанға ұқсап,
Ағыл-тегіл жылаған.
Арашалап алғаусыздау үмітін,
Қара жерге қыламық боп құлаған,
Қар секілді бола алсақ қой кінəсіз...
Ұлпасында мөлтілдеген мейірім,
Ұғынсам деп жан біткеннің пейілін,
Зеңгір көктің ғаламаты секілді,
Кіршіксіз қар,
Аймалайды бетімді,
Адалдыққа сенгісі кеп шүбəсіз…
Ең аяулы сезіміндей аспанның,
Мынау қардың пəктігінен жасқандым.
Жанды баурап,
ақ ұлпасы мамықтай,
Ақша бұлтқа
ұшқым келді қалықтай,
Жанарымнан жалқы тамшы жас тамды.
Мен де сендей,
ізгілікке құштар ем,
Естимісің?
Ақ ұлпа қар, қысқы əлем?!
Адалдыққа сеніп келем əлі де.
Ақұлпа қар,жанарымен аймалап,
Қара жерді құшты сосын,тайғанақ,
Бар шындығың осы болса,аяулы,
Тағдырыңның айтшы,кәне,мəні не?!

  «Тәтті    мұң»

Сағынғанымды, сездіре  алмадым, 
Арлымын.
Салқындық  құшқан, санамда  жатқан бар мұңым.
Сыбырлай  сүйіп, сағынса алып - ұшатын,
Сезімнен  жырақ, бақытты-ау осы  тағдырым.

Сезімнен  жырақ,
Бақытты - ау осы  күндерім..
Селт етпей, сүймей, аптықпай  өмір сүргенім.
Ақын  атаулы  осынауасқақ  қалпында ,
Елемей  өткен  дүниеніңессіз дүрмегін.

Тәрк  етіпмұңды,
сезімді, сырды  барлығын.

Күн  кешсем, сүймей,
жүзімде  толқып  жаннұрым.

Естімей, сезбей, жүректің  тылсым  жарлығын,
(Өзгерер  болсам)
не  дейсің, жұмбақ тағдырым?
Тәнімде  толқып,
жаныммен  егіз  жыркерім,
Тәп- тәтті  мұңды  талықсиқұшам  түнде  мың,
Сұп - суық  қалпы, қоштаспақ  болам, алайда,  
Нәп- нәзік  сезім,  

еркімді  билеп жүр  менің...


 «Жүректе жатыр  бар  кінәм»

Шағала  құстай, теңізді аңсап, шарқ ұрам. 
Сағыныш емес,
Жанымды  өрті  шарпыған.,
Өкініш  емес, өрт  болыпбойда  өрілген,
Өлеңді  сүйген  жүректежатыр бар  кінәм.


Өлең  боп соққан,
Жүректе  ғана бар  кінәм...
Бір бүтін  емес, болмыста  жүдепжарты  мән,
Жырақтан сүйіп, жанымды құшып сезім жүр, 
Жауқазындайын  исінен  өмір аңқыған.


Өлең  бопсоққан,
Жүректе  толқып  баршемен,
Өзеурей сүйіп, күтемін нені таң сенен?
Өзімді-өзім  жазғырып, бірде  жұбатып,
Көкейде жүрген көз жұмды ойлар, қанша ерен.


Өзімді -өзім  жазғырып, сонсоң, жұбатып, 
Өзімнен  жеріп, өзгені  ессізұнатып, 
Өксиді  жүрек, мысқылдай күліп, уақыт тұр, 
Өлермендерді  өз  биігіненқұлатып.

Өн бойымдағы  өмірге  ғашық сан үміт,
Өгей сезімнен, өгей мұңдардан жалығып, 
Алдамшы күндер бола алмай жанға тағы құт,
Өлеңді  ғана, жан- тәнімменен сағынып,


Күн  кешіп  келем, 
Қуантар ма еді, сол  өлең, 
Өмірдей  ыстық  өз жүрегімнен  табылып...

Бір тылсым  бар

Өн бойымның өлең бе әлде киесі?
Мен еместей.
Мына жанның иесі.
Жұдырықтай жүрегімен алысқан.
Періштеемес.
Пері де емескүй осы.
Біртылсым бар,
Ыршып мына кеудемнен.
Байыз таппай,
секунд сайын сенделген.
Бір құдіретқұлазытыпжанымды,
Бір құдіретәлек оны емдеумен.
Бір ұшқын кеп,
Ізгілейді тәнімді.
Бір ғажайып бағатындай хәлімді.
Мың сан күйді бір мезетте сүрем мен,
Бір мезетте,
Сағынамын бәріңді.
Өзімді-өзім
Оңашада тергеумен.
Жанның дертін,
жүрмінб еәлде емдеумен?
Ғұмыр осы,
Киесі оның бір өлең.
Жер мен Көктің арасында сенделген.

Теңізде  де тағдыр бар...

Теңіздей тылсымына тартқан үнсіз,
Тулаған телегейлі шақтарымсыз.
Толқынды жасырғым кеп ішімдегі,
Жағаға сырымды  аштым,
Түсінбеді.
Самалына жүзімді аймалатып,
Теңізге құлақ түрдім.
Қайда бақыт?
Шағаласы мен сүйген көкке ұмсынып,
Айдынында күрсінді мұң-тіршілік.
Толқынын аңсар құшқан,ұғына алмай,
Телегейі айтқызбас мұңы бардай.
Тереңінде сыр жатқан,буырқанып,
Теңізге тағы үңілдім,бүгін барып.
Шындығының шырайы көмкерілген,
Теңіз жатыр, жанары төңкерілген.
Қарашықта мөлт еткен сағынышы,
Теңізде де тағдыр бар,ұғындым мен.

«Тәтті   түс»

Жанарымнан  жалын  емес, мұңкөрдің...
Арасында  жүрген    едім гүлдердің.
Таңғы  шық  боптамшылаған  шоқ  гүлге 
Тұнық  мұңлы   сыржасырып  үлгердім


Түн  қойнында  ендіңсосын түсіме..
Түс  тылсымын  алдың баекен  түсіне..
Жақын  келіп, тіл  қатыпең, жоғалдым
Ұқсағым  кеп   кісікиіккісіге..


Жалт  еткендей  жанарыңнанжыр  киік,
Үнсіздікке  еніп   кеттімтұңғиық.
Ұмсындың  сен, үнсіз  қалдыұлы  үміт,
Қол  созды да,  кеңістікке тым  биік.


Қарашыққа  қадалған  сәтқас-қағым,
Құстай  шолып,  арманымныңаспанын.
Күрсіндің  де, ғайып  болдыңғарышқа,
Бақытына  айналдым  менбасқаның...


Қиялымда  қалды  солбір  шақ  тұнып,
Көріндің  бе, сыйлағың  кептәтті  үміт.
Көзімді  ашсам, түсім  екен, қияалмай,
Сағынышым  бара  жатты асқынып.

«Жырла,  жүрек!»

Жырла  жүрек, 
Әз жаным жабықпасын. 
Жабықпасын, жалғаннан жалықпасын. 
Көңіл шіркін, көкке ұшып қалықтасын. 
Қамықпасын, ұмтылсын жарыққа шын.


Жырла жүрек. 
Қайтадан алып- ұшып. 
Құрғыр көңіл бассыншы сағынышын. 
Қар суындай тасып бір төгілсін жыр,
Кәусарынан  қалайын  қаныпішіп.

Жырла  жүрек,
Жанымды жылыт менің.. 
Жазбай тапшы дертімнің уытты емін. 
Жаза бассам, жазғырып, ұмыт дедің. 
Сен жерісең, қалардай суып демім.


Жүректерге 
жып-жылы  нұр  құйылсын, 
Келші  шабыт, тереңге сүңгиін шын. 
Құлаш ұрып, жетейін алғы күнге 
Жанымда бол  жайдары жыр-сүйіншім! 
Жырла  жүрек!

«Сағынышымның   жоқ шегі»

Жүректен сезім, 
санамнан өзің кеткелі,
Сұп - суық ойлар құшатын болды тек мені.
Өн - бойымдағы өлшеусіз мұңмен алыстым,

Өзіңсіз бақыт жоқ па еді?
Ақшаңқан  аспан,
Керімсал  Күн де көктегі.
Түнерген бұлттар, оларда маған өкпелі. 
Биылғы көктем, төксе де қанша шуағын, 
Қуанта алған жоқ мені..

Жалыным ғайып,
Мегзейсің маған от нені?
Сүймеген күндер, сәттерге жүрмін өкпелі. 
Қоламтасында маздамай қалған шоқтаймын,
Сағынышымның жоқ шегі.

Қуанышымда,
қайғы–мұңым да өтпелі.
Сенім мен Сырдың иесі Тәңір көктегі,
Өткен күнелес,
келер күн жұмбақ, ал өмір
Үміт пен сенімөткелі.

Жүректі   жырмен,
жанымды  шермен  толқытқан,
Өлең  ғұмырдың талқысы мұнша көп пе еді?

Жалғыздық, сенбісің  себепші?              

Ақтүтек  боранын ақпанның
Ақшұнақ аязынақ  қардың
(Елемей, қысқы бақ ішінде )
беймаза пішінде,
Өктемсіп қар кешіп келемін,
Өзекте өрт болған өлеңім...

(Жаураған сезімді жоқтар кім?)
Мысқылдап барады мосқал күн. 

Қар асты,
Тастанды жапырақ,
Мен сүйген сезімнің отын ап,
(Келгендей жылынып алғысы,)
О, тоба, 
Дәл осы халде жүр сан кісі... 

Қайда екен сезімнің тәңірі?
Мезгілге жүрместей әмірі,
Күмілжіп қарайды атырап.

Жоғалтқан, 
ақыл-ой сананы,
Жәудіреп жүректер жанары,
Ақталып әлдене демекші.
Кейпіндей құлазып бақтардың,
Баз кешіп кетуге оқталдым,
Бұларға бір бақыт керек шын?!

Қайғысын жеңіске балаған,
Дәл осы күйде ме сан адам? 
Жалғыздық 
сенбісіңсебепші?

P. S Қиқулап, жылаған құс білем?
Жоғалтып ең ұлы уақытты.
Жалғыздық!
Сен неткен сұсты ең?
Ендеше, мен неткен бақытты !!

                               
«Қайдасың?»

Сүйген сәтті кім айтады кез деп мұң?
Сезім едің, 
сергелдеңсіз, саналы.
Өзің едім, өгейсідің, өзгерттің.
Сағынышсыз күндер жалғап араны. 

Нәзік едім,
Нәркес едім расында.
Жанарымда күн кешетін жарты әлем.
Шексіз мендік сол махаббат қасында,
Мынау ғалам өлшенбейді картамен.

Аспан асты арманымнан нұрланып,
Күннің өзі күмілжитін сәулемнен.
Өмір өзі адастырды бізді анық,
Ғашықтарға бір ғадауат бар деумен.

Сол күндердің оты қалып  санамда,
Жүрегімде бос кеңістік, бос әлем.
Қайтаоралып, мына нұрсыз ғаламға
Ғажайыбың болам десең, тосар ем... 
Қайдасың?

Cағынғаным-жазығым!

Сағындым  ба?
сонау күзгі қаз үнін,
Сұп-сұр мынау әлемімнен қажыдым,
Саған жетпес құштарымдай шертілген,
Әуенін -ай, мына көктем сазының.
Маңдайымнан сүйсін қанша жарық күн,
Сенсіз осы сергелдеңнен жалықтым,
Мағынасыз мезеттерге тоналған,
Күлкімнен де құлазыған хәл ұқтым.
Жапырақтың жанарында үзілген,
Тамшыларда тағдырым жүр түзілген,
Сенсіз сүрген шаттығымның жасанды,
Торлап алды көздерін мұң, жүзін мең.
Сағынғаным,
болар,мейлі жазығым,
Аңсарым-ай,сенде бәлкім, қажыдың?
Аспан астын қайтайықшы бір байқап,
Естиікші,сонау кешкі қаз үнін.
Барлығына болса дағы кеш бүгін,
Келеді екен дауысыңды естігім.
Қапияда қалайықта кезігіп,
Қол ұстасып қайтайықшы кешқұрым.
Қайдасың?

Болмадым  неге  көріпкел?

Іңкәрлік пе едің?
ізеті жаннан өшпеген,
құштарлық па едің,
от болып бірге кешпеген?
Қаламның ұшы – сағынышыммен боялып,
Тағы да, міне, мазалап отыр ескі өлең.
Ескі өлең,
әлде, ескірмей жүрген естелік,
Елең- алаңда, екеуміз неге хош дедік ?
Ерте көктемгі жауқазынға ұқсас жанымды,
Жабырқадың ба кеш көріп?
Сеп болдың сосын,
Сергелдең мұңның бәріне.
Сезімсіз кешкен ғұмырдың білмен, мәні не?
Жалғыз-ақ сөздің болғанмен ауыр үкімі,
Жанарың бірге әлі де.
Елестеп бейнең,
көшеден, кейде көліктен.
Күн кешіп келем, кездейсоқтыққа сеніп мен.
Сен келер күнді, болжай алатын бір сәтте,
Болмадым неге көріпкел?

Адалдықты  аңсау

Сол бір сәттер,
қайда кетті мен сенген?
Сол мезеттер, қайда кетті сен сенген?!
Жер мен көктей тым аяулы, тым алыс,
Адалдық-ай,
құның немен өлшенген?!
Ғажайыпты,
қайда, қашан тәрк еттік?
Ай мен күнге, адалмыздеп ант еттік.
Сағыныштың кеудесінде күрсіндік,
Қимастықтың жанарында жалт еттік.
Пері емеспіз,
бола алмадық періште,
Бір мезетт еқұлдилады қеңіске.
Жанұшырып бір үмітке қол создық,
Бағытымыз жеңіліспе, жеңіспе?
Ғажайыптар қайда кетті мен сенген,
Ғажайыптар қайда кетті сен сенген?
Аласұрып аспан құшып келемін,
Адалдық-ай!
құның немен өлшенген?!

Мықтымын мен!

Жас көрдім деп  ұшынанжанарымның,
Халім сұрап,қайтесің?!
Жаралымын!
Жұлым-жұлым жүректі қолына ұстап,
Күлімдемек болады тəн-алыбым.
Жанның дертін емдейтін кім бар,сірə?!
Бақытым да, сорым да бір басымда
Қылбырауға түссе де, үзілмеген,
Жапырақтай жаным тұр, шың басында.
Адалдық қой, тəрк етпес құс ұясын.
-Нəзіксің деп несіне жымиясың?!
Тəңір сүйген жүректің лүпіліндей,
Ұға алмайсың, жанымның құпиясын.
Болса дағы сəттерімкөп түңілген,
-Халім сұрап,
Қайтесің, күпті күннен.
Теперішін жазмыштың сілкіп тастап,
Тіл қататын тағдырға,
Мықтымын мен!

Ақылға қайтіп сиямын?

Ақын болсам деп сөзі нық.
Ақиқатымнан безініп,
Алағай мынау ғұмырда,
Аласұрумен көз іліп…
Ах ұрып мен де үлгердім,
Алғаусыз күлген күндердің,
Алдамшы мұңын сезініп.
Аңсарды құшып қиялым,
Алып-ұшқанда күй ағын.
Алаулап бір от кеудемде,
Арманға шексіз сенгенде,
Адалдығыммен, арыммен,
Аңғалдау мынау жаныммен,
Айналам толы аярлық,
Ақылға қайтіп сиямын?
Аласартсам деп бағыңды,
Аңдып бағатын халіңді,
Адуындардың ішінде,
Астаң да кестең пішінде.
Алмағайыптау күн кешкен,
Алламен үнсіз тілдескен,
Адастырмадым жанымды.
Аңқасы кепкен сезіммен,
Аңсары алыс төзіммен,
Адырна шертіп отырмын,
Ащы мұң тамып көзімнен,
Ақшаңқан көңіл мұңайды,
Асқақтау жаным жылайды,
Ақиқат іздеп өзімнен.

****

Бұл өмір...
Тұрады екен белдерден, қыраттардан.
Армандардан, аңсатқан мұраттардан
Тосылатын сан қилы сұрақтардан,
Қимастығы қол бұлғап, жырақтардан,
Құрбылар бар, бұл жолда жылап қалған.
Бұл өмір..
Қуанышын ұсынып, шаттығын да.
Батырып ап, жүректі тәтті мұңға,
Бақыт болып, басыңды айналдырар.
Басылмаған сәттерде аптығың да,
Нендей сыр бар құрбым-ау, тапшы мұнда?
Сәлден соң,
Жауар бұлттай түнеріп қас-қабағы,
Селт еткізіп, сынағы басталады.
Қайғысының татқан да ащы дәмін,
Базына айтып, баз кешер басқа бағы.
Ғұмыр солай кімдерді жасқамады?
 Менің жаным
осыдан жасқанады.
Жасқанады, жанардан жас тамады.
Аласарып армандар асқаралы,
Шыңырауға кімдерді тастамады.
Талауратқан тағдырдың тас қамалы.
10 наурыз 2020 ж. 503 0