Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүл таңдау білесіздер ме?

Гүл таңдау білесіздер ме?

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мамандар әдемі, сапалы және ұзаққа шыдайтын гүл шоқтарын қалай таңдау керек екені туралы кеңес берді, деп хабарлайды 24.kz

Мамандардың пікірінше, гүл таңдаған кезде ең бірінші гүлдің күлтелеріне назар аудару керек.

Олар кезектесе ашылып тұруы керек, ал оның ішінде тозаңдардың болмағаны жөн.

Жас гүлдің күлтелері жұмсақ, тығыз болады және онда ешқандай дақтар мен жолақтар болмауы керек. Гүлдің жапырақтары мен сабағы да оның қаншалықты балғын екенін көрсетеді.

Олар да тығыз, қатты, зақымдалмаған және дақтарсыз болуы керек.

Сонымен қатар гүлдің сабағының кесілген жері дымқыл, ашық түсті және бөтен иіссіз болуы керек. Жапырақтарындағы ақ дақтар – гүлдің ескіргенінің көрсеткіші.

Бұл оның ішінде жәндіктер болуы мүмкін дегенді білдіреді. Гүлдердің түсін таңдау да қиындық туғызып жатады. Мамандардың кеңесі бойынша, гүлдің түсі жеке талғам мен қыз-келіншектердің жасына да байланысты.

Көбінесе жас қыздарға ақ, қызғылт, ашық түсті гүлдер, ал ересек нәзік жандыларға қою және қанық реңкті гүлдер сыйланады.


06 наурыз 2020 ж. 579 0