Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 26 газет

07 сәуір 2020 ж.

№ 25 газет

04 сәуір 2020 ж.

№ 24 газет

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Наурыз мейрамында сыйақы беру ұсынылды

Наурыз мейрамында сыйақы беру ұсынылды

Қазақстанда Наурыз мейрамында жұмысшыларға сыйлықақы беріп, көктемгі күн мен түннің теңелуіне арналған мерекелік кештер ұйымдастыру ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Рухани жаңғыру" қазақстандық әлеуметтік даму институты ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұсынған "Наурыз шапағаты" тұжырымдамасында айтылған.

Наурыз мейрамында корпоративті іс-шаралар өткізіліп, ұжымдық сыйлықтар таратылып, сауда орталықтары жобаның ұсынысында көрсетілгендей жеңілдік күндерін ұйымдастыра алады.

"Мұның бәрі кеңес беру болып табылады. Рождество немесе Қытай жаңа жылының қалай атап өтілетінін білесіздер. Коммерциялық ұйымдар маркетингтік қадам жасап, сатылымды көбейту үшін сатып алушыларды үлкен жеңілдіктермен тартады. Егер біздің коммерциялық құрылымдар осылай жасаса, пайдалы болар еді. Қайталап айтамын, бұл міндетті нәрсе емес", - деп түсіндірді ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов.

"Рухани Жангыру" орталығының жетекшісі Жанар Буканова Наурыз мейрамы кезінде ұлттық дәстүрлі киімдерді кию ұсынылғанын айтты. 

"Қазақстандық дизайнерлердің неофолк стиліндегі киімдері батыста кеңінен танымал. Мұндай киім сатып алып, күнделікті өмірде қолдануға болады", - деді Буканова.
01 наурыз 2020 ж. 125 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам