Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сіз білесіз бе?

Сіз білесіз бе?

Ерте ме, кеш пе әрқайсымызға ықылық тиеді. Ғалымдар тіпті анасының жатырында жатқан балалардың да ықылықтайтынын анықтады. Бұл қолайсыздық не үшін болады және ол қаншалықты қауіпті, жалпы одан қалай құтылуға болатынын ғалымдар біраз жыл бойы анықтай алмаған екен.
 Ықылық тию ұзақтығы қанша уақытқа созылады және ықылықтың ағзаға қандай пайдасы немесе зияны бар. Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс диафрагма арқылы өтетін нервтік түйіндердің тітіркенуі нәтижесінде пайда болады. Бірақ бұл тітіркенудің не үшін пайда болатыны әлі де құпия.
Көпшілік ықылық – жұқпалы аурулардың бір түрі деп санаса, ал басқалары мида өңеш спазмасын тудыратын ықылық орталығының бар екенін және бұл механизм бізді зиянды артық тамақтану мен ішуден қорғайтынын айтады. Бірақ, дәрігерлердің көбісі ықылықты ағзаны қақырықтан тазартатын жөтелге қарағанда «бұл құбылыстан ешқашан құтылмайсың,  оның ешқандай пайдасы жоқ» дегенді мойындамайды.
Физиология тұрғысынан, ықылық арнайы емес тыныс алу бұзушылығы болып табылады. Бұл – біртүрлі феноменді сүйемелдейтін өзіне тән дыбыс диафрагманың (кеуде және іш қуыстарын бөлетін бұлшықет кедергісі) дірілдеуінің қысқаруынан туындайтын дауыс шымылдығы аралығының бірден жабылып қалуының салдары болып табылады. Диафрагма қысымы мен дыбыстың пайда болу уақыты секундтың тек 35 мыңы ғана. Ол уақытта адам дем алмайды.
Дәрігерлер осындай кенеттен туындайтын дыбыстардың пайда болуының көптеген себебі бар дейді. Олар қатты тоңып қалу (әсіресе кішкентай балаларда), асқазанның шамадан тыс созылуы (шамадан тыс тәбетке байланысты), тағамды немесе суды ішкен кездегі шамадан тыс асығушылық, жүйке соққысы және тағы басқалар.
Егер ықылық аурумен байланысты болмаса, одан әртүрлі тәсілдермен құтылуға болады.
* Мысалы, Гиппократ осындай жағдайларда түшкіруге тырысу керек дейді. Тағы бір әдісі – деміңізді ұзақ уақыт бойы ұстап тұру және өзіңізді алаңдатқан мәселені ойламауға тырысып, басқа лайықты нәрсеге назар аудару. Ықылық тигенде демалмай тұру қандағы көміртегі диоксидінің концентрациясын арттыруға көмектеседі және сәйкесінше спазмды босатады екен.
* Ықылықтан жылдам құтылудың әдістерінің қатарында мыналар да бар:  ықылық тисе, алдыңыздағы үстелдің үстіне су құйылған кесе қойып, қолыңызды айқастырып, төменге иіліңіз де, қолдың көмегінсіз ерніңізбен тостағанға дейін жетіп, су ішіңіз.
* Кейбіреулер сусыз, бір қасық құмшекер жеуге кеңес береді. Болмаса ащы немесе қышқыл нәрсе, сондай-ақ бір кесек мұз жеуге болады. Егер ауыртатын ықылық болса, жылы сусын ішіңіз немесе ішіңізге жылытқыш, болмаса суық зат қойсаңыз жақсы көмектеседі.
* Сондай-ақ ықылықты рефлекторлық жолмен тоқтатуға болады. Ол үшін құсуды тудыратындай етіп, саусақты жұтқыншақ қабырғасына салыңыз. Бұл ықылық ырғағын тоқтатуға көмектеседі.
* Бай және танымал адамдардың да осы тітіркендіргіш және мазаны қашыратын құбылысты тоқтатудың өз құпиялары бар еді. Мысалы, президент Кеннедидің жеке дәрігері ауызды кеңінен ашып, тілді саусақпен ұстап сәл созып, дәл солай бірнеше секунд ұстап тұруды ең тиімді әдіс деп санаған. Президент дәрігері бұл сенімді және тез әрекет ететін әдіс екендігіне жұмыс барысында бірнеше рет дәлелдепті.

Майя ҚОЖАБАЙ

29 ақпан 2020 ж. 549 0