Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КҮНІНЕ 2 ЛИТР СУ ІШУ ДҰРЫС ПА?

КҮНІНЕ 2 ЛИТР СУ ІШУ ДҰРЫС ПА?

Су – тәтті. Оның дәмі, мөлдірлігі, пайдасын байқай бермейміз. Ағзаны, миды, сананы реттеп, іске береке беретінін, тіпті, мазасыз адамды тыныштандыратынын оның ерекшелігі деп түсінген абзал. Су уақыт талғамайды, бірақ көлем талғайды. Күніне 2 литр су ішу керек деген қағида дұрыс па? Сұрақтың жауабын және судың мүмкіндіктерін бірге анықтап көрейік. 

Бізге судың қандай мөлшері керек? 

 Әдетте көпшілік адам күніне 2 литр су ішуі тиіс дейді. Бірақ барлық адам әртүрлі, олардың ағзасы, салмағы, жас ерекшелігі бірдей емес. 2 литр су ішу керек деп жай айта салу оңай. Дегенмен, кей адамдар суды көп қажет ететін жұмыс жасауы мүмкін. Күніне ер адам мен әйел адамның қанша литр су ішу керектігін анықтайтын мынадай формула бар: 

- Ер адам: өз салмағын 35-ке көбейтеді. 
- Әйел адам: өз салмағын 31-ге көбейтеді. 

Нәтиже миллимертмен көрсетіледі. Шамамен сондай көлемде су ішкені абзал екен. 

Суды қалаған уақытта ішуге болады 

Ғалымдар суды ішу нормасын шамамен жоғарыдағыдай есептеді. Ендігі қызықтырып жүрген мәселе: суды қай уақытта ішу керек? Тамақтан кейін бе? Ұйқыдан оянғанда су ішу дұрыс па? Түскі астан кейін су ішсе не болады? Кей білгіштер асқа қарағанда суды көп ішіп тұру керек, асқазан сөлі тез бөлінеді десе, енді бірі ас қорытылмай қалады, көп ішпеген дұрыс дейді. Бірақ осы турасында өткізілген неше түрлі тәжірибелер судың ешқашан артық етпейтінін дәлелдеген. Қанша қаласаңыз да іше беріңіз. Су ішу мәдениетінде тек ағзаны минералды сумен емдеу кезінде ғана шектеу қойылады. Дәрігер емдік минералды суды ұсынып, күніне неше уақыт және қалай ішу керектігін айтады. 

Құбырдан аққан суды ішуге болады (бірақ ішпеген абзал) 

«Денсаулығым темірдей» деген адамдар көзге құдды бір құбырдан су ішіп, ешқашан ауырмайтын секілді көрінеді. Санитарлық нормаға сай келмейтін суды мүлдем ішуге болмайды. Құбырдан аққан судың барлық талапқа сай екенін білсеңіз игі. Кей елдерде құбырдан аққан суға тіпті тісті де жуғызбайды. Не де болса, артерзиан суы мен құбырдан аққан судың айырмашылығы көп. Мүмкіндік болса, таза су ішкен дұрыс. 

Су емдейді 

Егер жұқпалы ауруға шалдықсаңыз, міндетті түрде жылы су ішіңіз. Әсіресе, өкпе аурулары кезінде қанжылым су көмектеседі. Себебі, көп мөлшердегі жылы су өкпедегі сілекей қабығының құрғамауына және қанның қоюланбауына септігін тигізеді. Яғни бұл – жылы судың көмегімен вирустарды өкпеден тез жоюға болады деген сөз. 

Су тыныштандырады 

Мазасызданған адамға не үшін бір стақан су ұсынады? Әрине, сабасына түсіп, есін жинау үшін береді. Толқып тұрған адамға «терең тыныс ал» деген кеңесті тектен-тек бермейді. Суды да тектен-тек ұсынбайды. Мазасы қашқан адам су ішкенде ми жүйке орталықтарын реттейді. Су ішкен кезде ақырын тыныстауымыз керек. Ықылық атқанда да адам су ішеді. Мұнда да су жоғарыдағы функциямен қызмет етеді. 

Шөл мен су 

Біздің ағзамызда аштық пен шөлге жеке-жеке жауап беретін сенсорлы механизм жоқ. Сол себепті, шөл мен аштықты жиі шатастырып жатамыз. Бірақ аштық қатты қысып не шөл шыдатпай жатса, бұл екеуін ажырату оңай. Кейде не шөлдеп, не қарның ашып тұрғанын ажырата алмайсың. Бірақ, қарын ашып тұрса, бірден қуырдақ жей салу дұрыс емес. Асқазанды сумен шаю керек, яғни бір стақан су ішіп алу қажет. 

Судың жетіспеушілігінен... 

ыБіздің миымызда 75% су бар. Егер мидағы су 2%-ға азайса, ми мұны бірден сезеді. Кешке қарай өз-өзіңізді басқара алмай, көздің алды қарауытып, ұйқы келеді. Бұл ретте бірден кофе емес, су ішу керек. Ағзамен қоса ми да оянады. Ең дұрысы жұмыс үстеліңізге бір стақан су алып отырыңыз.

reactor.inform.kz
10 қаңтар 2019 ж. 1 232 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 19:07
Elocon Tablets Pharmacy Can Buy Ropinirole Over The Counter levitra generique en parapharmacie Trusted Kamagra Uk

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 10:59
Order Propecia No Rx Ajanta Pharma Limited Kamagra Priligy Update generic cialis canada Alcohol Stopping Keflex Buy Wellbutrin Xl No Prescription