Сізге керекті пайдалы кеңестер
Түймеңіз түспес үшін
Пальто тон ішік сияқты киімдердің түймесін қадаған жіп тез қажалып, түйме тез түсіп қала береді. Сондықтан жіпті екі қабаттап сабақтап, қалыңдап тігу керек. Сонымен қатар жіптің сыртынан тырнақ бояғыш лак жағып қойса түйме ұзаққа дейін үзілмейтін болады.
Фенді шаруашылыққа пайдалану
Егер торт немесе бәліш табадан алынбаса, оның түбін фенмен қыздырып жіберу керек. Сонда торт табадан оңай ажырайды. Дым етікті фенмен кептірсе, оның жағымсыз иісі болмайды.
Жасарғыңыз келсе...
Ежелгі Грекияның әйгілі математигі Пифагор өзінің ұзақ жасауына балдың себепші болғанын жазып кетсе, 110 жыл өмір сүрген ежелгі грек ойшылы Демокрит «денсаулықты сақтау үшін ішіңді балмен, сыртыңды маймен суару керек» –депті.
Көрнекті дәрігер, табиғаи зерттеушісі Ибн сина «Жасарғыңыз келсе, міндетті түрде бал жеңіз" – депті. Үнді жорығы кезінде қайтыс болған Ескендір Зұлқарнайынның денесін Македонияға жеткізу үшін балға батырып апарыпты дейді. Бал бұзылмайтын өнімге жатады.
Гиппократ өз тәжірибесінде балды дәрілік шөптерге қосып, таза күйінде кеңінен қолданған.
Көзге арналған қарындашты жаңарту
Көзіңізге арналған қарындашыңызды жаңартуға болады. Ол үшін жанып тұрған отқа немесе газға қарындаштың үшін аз ғана уақыт ұстап тұрыңыз. Одан соң үрлеп біраз кептіріңіз. Қарындаш көзіңізге әдемі сызба салуға дайын әрі жаңа қалпына оралып, жеңіл жағыла бастайды.