Дәмді ас жасағыңыз келсе
Кейде көңіл-күйіміз болғанда түрлі тіскебасар тәттілерді жасаймыз. Бірақ кейде нәтиже ойдағыдай болмай жатады. Аспаз маман болмаған соң түрлі қателіктерге бой алдырамыз: сұйығын көп қосып жібереміз, ал кейде ұнын аз саламыз. Нәтижесінде шөгіп қалған торт, қаңылтыр табаға жабысқан печенье аламыз. Бұл мәселелерге ұрынбаудың және ұрынған жағдайда оңтайлы шешудің амалдарын қарастырайық, - дейді massaget.kz
1. Жұмсақ қамыр Тәжірибелі аспаздар қамырдың ортасынан тесік жасап, кішкене сүт құйып жіберуді ұсынады. Шанышқымен ақырын араластырып, қамырды біртекті шар болғанша илеу керек.
2. Қамыр көтерілмей жатса... Егер қамырыңыз көтерілмей жатса, бұған екі себеп болуы мүмкін: ас үй тым суық – температура 22 градустан төмен немесе сүтті ашытқымен араластырарда оны жылытып алмадыңыз. Ашытқымен араласатын сұйықтықтың температурасы шамамен дене температурасына сай болуы тиіс, яғни 36 градус.
3. Печенье қаңылтыр табаға жабысып қалды Печеньені май өткізбейтін қағаздың бетінде пісірген дұрыс, сонда жабыспайтын болады. Бірақ егер арнайы қағаз қолыңызда болмай қалса, ал сіз дайын печеньені қаңылтыр табадан алып үлгермесеңіз және ол жабысып қалса, онда былай істеңіз: духовканың температурасын көтеріп печеньені қайта ысытыңыз. Бұдан кейін оны қаңылтыр табақтан тез түсіріп алуыңыз қажет.
4. Печенье қаңылтыр табадан бөлініп алынады Бұл мәселені шешуде де май өткізбейтін қағазды пайдаланудың пайдасы зор. Оның арқасында қаңылтыр табаны маймен сылау қажет емес және печеньені түсіріп алуда еш мәселе туындамайды. Май өткізбейтін қағаздың тағы бір артықшылығы оны жуудың қажеті жоқ, сонымен қатар оны бірнеше рет қолдана аласыз.
5. Жұмыртқаның ағын шайқау кезінде көпіршікке айналмайды Жұмыртқаның ағын шайқау – оңай шаруа емес, бірақ бірнеше кеңесті ұстана отырып, мәселені шешуге болады. Бірінші: жұмыртқаның ағын шайқайтын ыдыс құрғақ болуы тиіс, тіпті екі тамшы су да шайқауға кедергі бола алады. Екіншіден, жұмыртқаның ағын сарысынан мұқият бөліп алғаныңызға да байланысты. Бірақ егер 3 минуттан кейін ақуыз көпіршікке айналмаса, демек, бірдеңені дұрыс істемедіңіз деген сөз.
6. Пісіру кезінде мейіз түбіне түсіп кетеді Мұндай мәселе қамырдың тым сұйық екенін білдіреді. Егер қамырды формаға құйғанда қасықтан ағып тұрмаса, мейіз орнында қалады. Шешімі оңай – аздап ұн қосып жіберіңіз.
7. Пісіру кезінде торт шөгіп қалды Бәлкім, сіз мәзірде көрсетілгеннен көбірек сұйықтық қосып жібердіңіз. Немесе қамырды миксермен ұзақ шайқап жібердіңіз. Екі жағдайда да қамыр көтеріледі, бірақ піскен кезде шөгіп қалады. Сондықтан мәзірдегі кеңесті мұқият ұстанған дұрыс. Екі жағдайда да мәселенің шешімі – қосымша біраз ұн қосу.
8. Өсімдік майы мен ерітілген ірімшік қосылған қамыр тым жұмсақ Егер ерітілген ірімшік немесе сүзбе дымқыл болса, осындай мәселе туындайды. Сондықтан оларды пайдаланар алдында жақсылап сығып алу керек немесе кептіру үшін орамалға орап қою керек.
9. Дайын сүзбе торты шөгіп барады Дайын сүзбе торттарының көлемі әрдайым шөгіп қалатынын ескеріңіз, әсіресе орта тұсы. Сондықтан шетіне қарағанда ортасына қамырды көбірек салу керек. Торт піскен уақытта оны духовада, температурасы түскенше қалдыра тұрыңыз.
10. Сәл күйген торт Мұндай жағдайда тек күйген қабықшасын өткір пышақпен қырып алып тастай аласыз. Оны жасыру үшін қант сыламасын пайдалансаңыз болады.
11. Жеміс қосылған дымқыл пирог Піскен кезде көптеген жемістер шырын бөледі. Жеміс қосар алдында қамырқа нан ұнтағын қосу арқылы пирогты артық дымқылдан қорғай аласыз.
12. Жұмсақ тортты кесу қиын Тортты кесіп жатқанда пышақ түбіне дейін жетпеуі керек, тек торттың бойымен аралап өткені дұрыс. Сол үшін тісі бар пышақ пайдаланғаныңыз.
13. Карамель тез қатып қалады Дайындаған кезде кішкене лимон шырынын қосып жіберсеңіз біртекті және сұйық болып қала береді.
14. Пісірілген крем қатып қалды 3 үлкен қасық пісірілген кремді бөтелкеге салыңыз. Бөтелкені суық суға салып, суытыңыз. Суыған кезде қатты шайқаңыз, сонда пісірілген крем қайта қалпына келеді.
15. Бүйрекше бәлішті қуырғанда өсімдік майы көпіріп кетеді Егер өсімдік майы көпіріп кетіп жатса, демек қажетті температураға әлі жеткен жоқ. Бұл қамырдың жұқа қабатын бүлдіреді.
Дайындаған: Анар Мұстафина