Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғашқы болып сөзжұмбақты шешті

Алғашқы болып сөзжұмбақты шешті

Газетіміздің 2020 жылғы №6 санында "Сенбілік бет" дайындап, сөзжұмбақ құрастырып, оқырман назарына ұсынған болатынбыз. Сөзжұмбақты шешіп, сенбі-жексенбіден бастап қоңарау соғып, қызығушылық танытып жатқан оқырмандарымыз көп.

Сенбі күні аудандық газеттің жауапты хатшысы Шаһарбек Нұрсейітовке хабарласып, сөзжұмбақтың жауаптарын айтқан Рақымжан қажы Бәйменов бүгін таңертең редакцияға келді. Тоқсанның төріндегі ардагер 14 сұрақтың барлық жауабын дұрыс тапқан екен. Қызығы сол, ардагердің артынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлы да редакцияға келді. Хайролла атамыз да барлық сұрақты дұрыс шешіпті.

Біз, уәде бергеніміздей, сөзжұмбақты бірінші шешіп, редакцияға әкелген оқырманды келесі жарты жылдықта аудандық газетке тегін жазып беруді міндетімізге алғанбыз. Алайда қос ардагердің еңбегін, газетімізге деген құрметін ескеріп, екі ақсақалға да басылымды тегін жазып береміз деп шешім қабылдадық.
27 қаңтар 2020 ж. 1 478 0