Темекіден кейінгі қауіпті нәрсе – тұз

5 мың жыл бұрын күніне жарты грамм тұзбен өмір сүруге үйренген адамның тұзды қолдануы соңғы дәуірлерде бірден артты. Қазір тұздың тәуліктік тұтынылуы орта есеппен 8 граммға көтерілді. Оның басты себептерінің бірі – дайын тамақтардың пайда болуы. Жапонияда 50 жыл бұрын қолданылатын тұз мөлшері күніне 18 грамм болған. Сол себепті сал (паралич) ауруына шалдыққандардың саны өте көп болды. Кейін үкімет тұздың тұтынылуын азайтқаннан кейін оның тәуліктік мөлшері 4 граммға түсті. Ал сал ауруымен ауыратындар 80 пайызға азайған. Тұз қолданылымы 2 грамм азайтылғанда, 4 жылда жүрек ауруымен ауру қаупі 25 пайызға азайған.