Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Снюстің қауіптілігі: жасөспірімді өлімге әкеледі

Снюстің қауіптілігі: жасөспірімді өлімге әкеледі

Темекі сияқты, снюстың әрекеті денеге никотин енгізуге негізделген. Снюстің қауіптілігі - оны ұзақ уақыт ауызға салып ішке ерітіп жібергендіктен, никотин қан мен ми жасушаларына тезірек түседі.

Осылайша никотиннің ағзаға түсетін мөлшері, темекіге қарағанда бірнеше есе жоғары. Жастар мен жасөспірімдер арасында шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерді (қоспаларды) тұтыну кеңінен таралуда.

Құрамында никотиннің көп болуы оларды тұтыну жүйкенің уытты бұзылысын тудырады, бұл сананың бұзылуына, одан әрі дене және мінез-құлық тәуелділігіне алып келеді.

Снюсті тұтыну әсіресе балалар мен жасөспірімдерде сабақ үлгерімінің төмендеуі, қызығушылықтарының азаюына әкеліп соғады. Никотиннің өлімге әкелетін орташа мөлшері бір килограмм салмаққа 0,5-1,0 мг құрайтынын ескерсек, салмағы аз балалар мен жасөспірімдерді мұндай мөлшер өлімге алып келуі мүмкін.

Сырдария аудандық Ткқсқб Басқармасы


23 қаңтар 2020 ж. 744 0