Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес құрылды

Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес құрылды

Амангелді ауылындағы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейде кезекті педагогикалық кеңес өтті.

Кеңесте мектеп-лицейдің директоры Зейнұр Жаманқұлов жаңадан қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заңды ұжыммен талқылады. З.Жаманқұлов Заңда айтылған педагог мәртебесі, педагог құқықтары, мұғалім қызметіне қойылатын талаптар, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін тұстарын таныстырып өтті. Сондай-ақ Заңның 1-бабындағы негізгі ұғымдарға берілген анықтамаға сәйкес, педагогтік әдеп жөніндегі кеңес құрамы құрылды.

Мектеп-лицей мұғалімі Е.Құлымбетов: – Заңда біріншіден, ұстаздардың құқықтарына басымдық берілген, өзіне қатысты емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту, педагогті әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырылуы жөнінде анық айтылған. Бұл Заң мұғалімдер мәртебесін көтеруде ең өзекті деген мәселелерді көтергені қуантады, – деп өз пікірін білдірді.
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ

15 қаңтар 2020 ж. 2 102 0