Қан қысымыңыз көтерілсе...
Кей адамда қан қысымы дереу көтеріліп кетіп жатады, мұндайда жанымызда дәрі болмаса не істеуге болады? Оның үстіне дәрінің пайдасымен бірге зияны да қатар жүретінін ескеріңіз. Бастысы жағдайыңызға бейжай қарап, қазір өзі түседі деп шарасыз отыра бермей, massaget.kz ұсынған қысымды төмендету амалдарына кірісіңіз.
Қан қысымы көтерілуінің белгілері:
• саусақ ұштары тоңуы;
• бас айналуы;
• құлақ бітелуі;
• бет қызаруы;
• бас ауыруы;
• жүрек тұсы жайсыздануы;
• мұрын қанауы.
Қан қысымын түсіру тәсілдері:
Тыныс жаттығуы Бұл қан қысымын 20 бірлікке төмендетіп қана қоймай, адамды тыныштандыруға да көмегі тиеді. Алдымен ыңғайлы жерге отырып, денеңізді бос ұстаңыз.
• Ауызбен дем алып, біраз кідіріңіз;
• мұрынмен терең тыныстаңыз;
• мұрынмен дем шығарыңыз.
Осы жаттығуды бес рет қайталаңыз.
Су процедурасы
Егер үйде болсаңыз, қан қысымын түсіруге судың да көмегі бар. Жылы душ астында бірнеше уақыт тұрсаңыз, жаныңыз тынышталып, қан қысымыңыз 30 бірлікке азаяды. Аяғыңызды суға салып отырсаңыз да тез әсер етеді, бірнеше минут ішінде қан қысымыңыз түсіп, жаныңыз жай табады.
Компресс қою
Артериялық қан қысымын түсіру үшін тізеден төмен қыша қағаз тартып қоюға да болады, 5-10 минуттан соң алсаңыз, қысым 25 бірлікке төмендегеніне көз жеткізесіз. Алма сіркесуынан мойынға компресс қойсаңыз да, 15 минут ішінде қан қысымы төмендейді.