Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Білімді жастар – ел болашағы

Білімді жастар – ел болашағы

Биылғы жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл болды. Өйткені Тұңғыш Президент Н.Назар­баев өз Жол­дауында 2019 жылды – «Жастар жылы» деп жариялаған еді.
Ел Президенті Қ.Тоқаев жастардың бүгіні мен болаша­ғына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санады. Биылғы Жолдауында жастар саясатын жетілдіру бо­йынша іргелі тапсырмалар берді. Жастар – қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады және оларды жұмыспен қамту мәселесі басты назарда екені белгілі. Мемлекет те тиісінше бағдарламалар енгізіп, оны қолдануда жастарға үлкен мүмкіндік берді.
Білімді жастың артында білікті, кәсіби маман тұрғаны белгілі. Ол мектеп қабырғасында ұстаздан тәлім алып, бар білімін ел игілігі жолында көрсетуі тиіс. Ел болашағы – білімді ұрпақ болса, оны тәрбиелеуде ұстаз мәртебесінің деңгейі қашанда жоғары. Білікті кадр, кәсіби маман, өз саласының үздігі атанып жүрген жас ұстаздар аудан орталығында бас қосып, жас­тар жылын қорытындылады. Аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитеті ұйымдастырған жастар жылының жабылу салтанатында Nur Otan партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып әрқашан ұстазға мәртебесінің биік екенін жеткізді. Жыл бойына түрлі салада белсенділік танытқан жастарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
– Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет аталып өтіп жатқан жастар жылында педагог жастарға артылған үлкен үмітті ақтау мақсатында, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Сіздерге артылар жүк ауыр екені сөзсіз. Сондықтан осы уақытқа дейінгі оқыған бар білімдеріңізді ел тұтқасын ұстайтын оқушыларға арнап, белсенділік танытқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, – деді Еркебұлан Төлепбергенұлы өз сөзінде.
Салтанатты шара білім саласындағы жас ұстаздардың ме­ре­келік концертіне ұласты.

Майя ҚОЖАБАЙ
31 желтоқсан 2019 ж. 1 502 0