Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Шиатсу тәсілі" арқылы көп ауруды емдеуге болады

"Шиатсу тәсілі" арқылы көп ауруды емдеуге болады

Жапондық «шиатсу» арқылы түрлі ауруды емдеуге болады. Яғни белгілі нүктені сұқ саусақтың көмегімен басу арқылы жүзеге асатын тәсіл. Оны тек басып қана қоймай, сағат тілінің бағытымен немесе қарсы бағытымен айналдыра отырып уқалауға болады.
Ережесі:
1. Ең алдымен өзіңізді мазалаған жайсыздыққа байланысты нүкте таңдаңыз. Таңдаған нүктеңіздің үстін 30 секунд бойы басып тұрыңыз. Осылайша қан айналымын жақсартасыз.
2. Бұдан кейін жеңіл басып тұрып уқалаңыз. Яғни нүктенің үстін басқан саусағыңызбен сағат бағытына сәйкес 9 рет, қарама-қарсы бағытына сәйкес 9 рет айналдыра отырып массаж жасаңыз.
3. Әр нүктені уқалау 3-4 минуттен аспауы тиіс.
1-нүкте:
Емдейтін аурулары: Ұйқысыздық, жүйкенің тозуы, бас ауры, бас сақинасы.
Бұл нүкте шекенің қақ ортасында, құлақ үстінің деңгейінде орналасқан. Көне қытай дәрігерлері бұл нүктені «100 аурудың қосындысы» деп атаған. Егер ұйқысыздық мазаласа, ұйықтар алдында 8-10 минуттық душқа түсіп, омыртқаңызды ыстығырақ судың астына тосыңыз. Бұдан кейін жеңіл ғана сүртініп, бірден ұйқыға жатыңыз. Түнімен жақсы ұйықтайсыз. Мұнымен қатар мұрныңыз бен иегіңізді екі бетіңізден жатып қыздырсаңыз болады.
2-нүкте:
Емдейтін аурулары: Мұрынның бітелуі, көз көруінің нашарлауы.
Екі көздің ішкі бөлігінде, шамамен 0,3 сантиметр ара-қашықтықта орналасқан. Әдетте «Анық жарқыл» деп аталады.
3-нүкте:
Емдейтін аурулары: Бас айналуы, маңдай тамыры мен қуық қалбыршағы ауырған кезде.
Екінші нүктенің үстінде, қастың бастапқы бөлігі. Егер бұл нүкте аймағының ауырғанын байқасаңыз, оны жақсылап уқалаңыз. Өйткені бұл жоғарыда аталған аурулардың белең алып келе жатқандығын байқатады.
4-нүкте:
Емдейтін аурулары: Көз көруінің нашарлауы мен бас сақинасы, бас тамырларының ауруы.
Қастың сыртындағы ең шеткі бөлігінде орналасқан. Оны «Бамбук жібі» деп атайды.
5 нүкте
Емдейтін аурулары: Үлкендер мен кішкене балалар денесінің құрысуы, бас ауруы, бас айналуы, көз көруінің нашарлауы.
Мұрынның екі көз аралығындағы қырының ортасында тігінен орналасқан. Мұрын ұшына жақын. «Ғибадатханамен кездесу» сынды ерекше поэтикалық атауы бар. Егер балаңыздың қол-аяғы қалтыраса, дүрбелеңге салынбастан, 5-нүктесін уқалаңыз. Мұнымен қатар ұйқысыздық пен бас айналуында айтарлықтай көмектеседі.
6 нүкте:
Емдейтін аурулары: Бас сақинасы.
Бұл нүкте көздің шеткі қырынан 0,6 сантиметр қашықтықта орналасқан.
7-нүкте:
Емдейтін аурулары: Бас ауруы, бас айналуы, көздің ауруы, эмоционалдық құлдырау.
«Күн» деген атауы бар. Құлақ үсті деңгейіндегі қастың сыртқы бөлігінде орналасқан.
8-нүкте:
Емдейтін аурулары: Бас ауруы, сөйлеу мүшелері қызметінің бұзылуы, асқазан ауруы, гайморит.
«Төрт ақтық» нүктесі бет орбитасының қарашық деңгейінде орын алған. Қабағыңыз тартқан кезде, басыңыз ауырғанда, сөйлеу мүшелеріне зақым келгенде көп көмегі тиеді. Мұнымен қатар бұлардың барлығы гайморит пен асқазан ауруын білдіруі мүмкін.
9-нүкте:
Емдейтін аурулары: Бет бұлшық етінің жүйкелік тартуы.
«Жер қоймасы» нүктесі ауыздың шетінен 1 сантиметр қашықтықта орналасқан.
10-нүкте:
Емдейтін аурулары: Қалқанша безінің ұлғаюы, сөйлеудің бұзылуы, мойын бұлшық етінің қабынуы.
Жақ сүйекте орналасқан. Ол жерді саусағыңызбен бассаңыз, аз шұңқырды байқайсыз. Оның «жақ өсі» деген аты бар. Бұл нүктені мойныңыз бұрылмай қалған кезде пайдалансаңыз болады.
11-нүкте:
Емдейтін аурулары: Талу, шок, беттің ісінуі, жүйке ауруы.
Мұрын ұшы мен үстіңгі еріннің ортасында жайғасқан. Мұны қытайлықтар «адамның ортасы» дейді.
12-нүкте:
Қызметі 11-нүктемен бірдей, қосымша ми функциясы мен ішкі ағзаны қалпына келтіреді.
13-нүкте:
Күйзеліске қарсы, қорыққан кезде, жағымсыз эмоция алғанда.
Иектің төменгі бөлігінің ортасында «күйзеліске қарсы» нүктесі бар. Кез келген жағымсыз ақпарат естіп, қорыққан кезде оң қолыңыздың бас бармағымен осы нүктені басыңыз.
Бетіңізді уқалау арқылы, барлық дене бөлігін жайландыра аласыз. Мұнымен қатар бұл тәсілдің көмегімен түрлі ауруды толығымен емдеп алуға болады.
30 желтоқсан 2019 ж. 725 0