Қайырлы қаза болсын, Ұлы Алашым
Қайырлы қаза болсын, Ұлы Алашым,
Енді ұшақ ешқашан да құламасын.
Қайғыдан сай-сүйегім езіліп тұр,
Қайғырмай қалай ғана тұра аласың...
***
Желтоқсан мұңға бөлеп ой-қырымды,
Сезінді ел оқиғадан қайғы-мұңды.
Жұтты ажал жауқазындай қарындасты,
Жұтты ажал ел қорғайтын айбынымды.
***
Неліктен ұшақ бізде құлайды көп?
Неліктен қазақ халқы жылайды көп?
Жауабын жерден таппай қос сұрақтың,
Айтамыз мұңымызды Құдайға кеп...
***
Былтыр да желтоқсанда сынаған ед(і),
Тәңірден сабыр-медет сұраған ек.
Түсіме енеді ылғи осы айда,
Бір сәби анасы жоқ жылаған тек.
***
Түсіме енеді аспан қара бұлтты,
Мұңға орап көз жететін аралықты.
Оянам шошып ылғи желтоқсанда,
Келмеске алып кеткен сан алыпты.
***
Бейкүнә қанша сәби жер жастанды,
Құлазып ерлер өжет, ел жасқанды.
Туымыз түспесінші төменірек,
Тәңірім, қайырлы етші, желтоқсанды.
***
Енді ұшақ ешқашан да құламасын,
Енді ешкім жоқтау айтып жыламасын.
Қайғыдан сай-сүйегім езіліп тұр,
Қайырлы қаза болсын, Ұлы Алашым...
Енді ұшақ ешқашан да құламасын.
Қайғыдан сай-сүйегім езіліп тұр,
Қайғырмай қалай ғана тұра аласың...
***
Желтоқсан мұңға бөлеп ой-қырымды,
Сезінді ел оқиғадан қайғы-мұңды.
Жұтты ажал жауқазындай қарындасты,
Жұтты ажал ел қорғайтын айбынымды.
***
Неліктен ұшақ бізде құлайды көп?
Неліктен қазақ халқы жылайды көп?
Жауабын жерден таппай қос сұрақтың,
Айтамыз мұңымызды Құдайға кеп...
***
Былтыр да желтоқсанда сынаған ед(і),
Тәңірден сабыр-медет сұраған ек.
Түсіме енеді ылғи осы айда,
Бір сәби анасы жоқ жылаған тек.
***
Түсіме енеді аспан қара бұлтты,
Мұңға орап көз жететін аралықты.
Оянам шошып ылғи желтоқсанда,
Келмеске алып кеткен сан алыпты.
***
Бейкүнә қанша сәби жер жастанды,
Құлазып ерлер өжет, ел жасқанды.
Туымыз түспесінші төменірек,
Тәңірім, қайырлы етші, желтоқсанды.
***
Енді ұшақ ешқашан да құламасын,
Енді ешкім жоқтау айтып жыламасын.
Қайғыдан сай-сүйегім езіліп тұр,
Қайырлы қаза болсын, Ұлы Алашым...
Ақтөре Ибрагимұлы