Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәннаттың сипаты мүлдем бөлек

Жәннаттың сипаты мүлдем бөлек

Жәннатқа кірген мүминдер ол жерде мәңгі қалады, ешқашан шықпайды. Қалаған әр түрлі тағамдар мен сусындар даяр күйде алдына келеді. Пісіру мен әзірлеу сияқты нәрселерден ұзақ болады. Бастарының үстінен құстар ұшады. Мүминдер зәулім үйлерінде отырып, бұларды көреді. «Егер сен дүниеде маған осыншама жақын ұшқаныңда, мен сенен кәуәп пісіретін едім» деген ой келген сәтте дереу нұрдан жасалған табақ үстінде, пісірілген күйде алдына келеді, оны мүмин жей бастайды. Сүйектерін бір жерге жинап, көңіліне тағы да: «Қазір бұл қайтадан құс болса ғой» деген ой келген сәтте, ол бұрыңғы қалыпына еніп, құс болып ұшып кетеді.
Жәннаттың топырағы мускустан, ал ғимараттарының бір кірпіші күмістен, бір кірпіші алтыннан жаралған.
Сондай-ақ, жәннатта төрт өзен ағады. Олардың қайнары бір, бірақ ағымы бөлек-бөлек болады және бұлардың әрқайсысының дәмі, ләззаты бір-біріне ұқсамайды. Олардың бірі таза су, екіншісі – таза сүт, бірі жәннат шарабы, ал бірі таза бал болады.
Жәннатта зәулім сарайлар, биік үйлер бар. Иілген кезде мүминдер оларға мінеді және ол қалаған жеріне алып барады. (Бұлардың дүниедегі мысалы – қазіргі эскалаторлар мен ұшақтар.)
Жәннатта Туба деген ағаш бар. Бұл ағаштың тамыры жоғарыда, ал бұтақтары төмен қарай салбырап тұрады. Мұның дүниедегі мысалы – ай мен күн.
Сондай-ақ, жәннаттықтар жеудің, ішудің дәмі мен ләззатын сезеді, бірақ әжетхана қажеттілігін сезбегендіктен, осы сияқты адамға тән қажеттіліктер мен әурешіліктерден құтылады.
Аллаһу та’ала жәннатта мүмин құлдарына былай дейді:«Құлдарым! Менен тағы не қалайсыңдар, берейін. Сендер әрдәйім рахаттық пен зауықта болыңдар!» дейді. Құлдар болса: «Йа Раббымыз! Тағы бір нәрсе сұрауға бетіміз жоқ. Әрі не сұрайтынымызды да білмейміз» дегенде, Раббул-алемин былай десе керек: «Құлдарым! Өмірде сендер бір мәселені шеше алмаған кездеріңде не істейтін едіңдер?» дегенде ғұламалар: Сендер Аллаһтың жамалын ұмыттыңдар ма? Дүниеде болған кезде «Раббымыз жәннатта мекеннен пәк болып, жамалын бізге көрсетсе керек» деп армандайтын едіңдер. Міне осыны сұраңдар, – дейді. Олар Аллаһтың жамалын көруді сұрағанда, Аллаһу та’ала мекен түсінігінен пәк болып, жамалын көрсетсе керек. Аллаһу та’аланың дидарын көргенде, олар мыңдаған жылдар бойы қайран қалса керек.
Сондай-ақ, жәннаттағы адам зәулім үйінде отырғанда, айналасында, терезелердің алдында жеміс-жидектер болады. Құлдар, сол жеміс-жидектерді көргенде, тұрып сол бұтақты тартайын, жемісті үзіп жейін деген ой келген сәтте, отырған жерінен тұруға, бұтақты тартуға қажеттілік қалмайды. Бірден отырған жерінде қалаған бұтағы алдына келеді, жемісті жұлып, аузына салады және шайнап, әлі дәмі тамағына жетпей тұрғанда үзген жерінен тағы басқа бірі өсіп шығады. Аузына салғанда піскен, әрі тәтті болады. Осылайша Раббымыз әр ниғметті балғын қылып өсіріп шығарса керек...

Ғаламтор көзінен алынды
22 желтоқсан 2019 ж. 406 0