Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Теріскей" тортын жасау үшін не керек?

"Теріскей" тортын жасау үшін не керек?

Құрамы:
1. Ұн — 1 стакан;
2. Жұмыртқа — 10 түйір;
3. Крахмал — 2 ас қасық;
4. Ванилді құмшекер — 1 стакан;
5. Қопсытқыш (разрыхлитель, міндетті емес);
Крем үшін:
1. Қоюлатылған сүт (сгущенка) — 1 құты;
2. Сливоный май;
 Сироп үшін:
1. Су — 2 стакан;
2. Құмшекер пудрасы — 1 стакан;
3. Коньяк (ром, шарап, виски) — 3 ас қасық;
Сәндеу және арасына салу үшін: 1. Банан — 2 түйір; 2. Киви — 3 түйір; 3. Мандарин — 4 түйір; 4. Шоколад - 1 түйір;
Дайындау жолы:
Әуелі ұн мен крахмалды араластырамыз. Одан соң жұмыртқалардың сарысын ағынан бөліп аламыз: Ескерту! Жұмыртқаның ағын сарысынан бөліп аларда мұқият болыңыз. Жұмыртқаның сарысының кішкене бір бөлігі ағына араласар болса ағы көпірішмейтін болады. Жұмыртқалардың сарысына жарты стакан құмшекер салып, шанышқымен (ескертіп тұрмын, шанышқымен!) мұқият араластырамыз. Үстіне ванильді құмшекер мен қопсытқыш (міндетті емес) салып, араластырып, крахмалмен араласқан ұнның үстінен құямыз да, жақсылап араластырамыз. Қоспамыз қоймалжың болуға тиіс. Бөліп алынған жұмыртқалардың ағына жарты стакан құшмекер салып, миксермен біркелкі күйге енгенше алдымен баяу, бірте-бірте күшейте араластырамыз. Қоспаға дайын болған жұмыртқаның ағының жартысын қосып, астын үстіне жәйлап араластырамыз. Жақсылап араластырып болғаннан соң, қалған жартысын қосып, тағы араластырамыз. Мынадай қоймалжың пайда болуға тиіс: Енді алдын ала қыздырып қойылған формаға арнайы қағаз немесе фольганы жақсылап төсеп, үстін майлаймыз да, дайын қоймалжың-қамырымызды төрт бөле, 180-200 градуста 10 минут ұстап, бірінен соң бірін пісіріп аламыз. 10 минуттан соң піскенде таза жайманың үстіне аударып түсіреміз де, фольга қағазын мұқият алып тастаймыз. Төртеуін пісіремін дегенше, шоколадты пышақпенен майдалап. Мандаринді, бананды, кивиді қабығынан тазартып, тураймыз. Сиропты дайындау үшін, суға құмшекер пудрасын салып отта қайнатамыз. Құмшекер еріп кетіу керек. Шамамен 5 минуттай қайнатамыз, түсі сарғыш тартады, үстінен коньяк құйып, аз ғана отта ұстаймыз да түсіреміз.
Сироп дайын.
(Сироп міндетті емес негізі, алкогольді қоспаларсыз да тортымыз дәмді болады) Керемді дайындау үшін сливочный майды миксермен бабына келтіре араластырамыз да үстінен қоюлатылған сүт құйып, тағы араластырамыз. Дайын! Енді негізгі жұмысымызға көшелік. Дайын «коржігіміздің» үстіне сироп төгіп шығамыз да, кремді біркелкі жағып болып, мандаринді керек емес бөлігі мен сүйегінен тазартып, саламыз. Екінші коржікті үстінен қойып, тағы сироп пен кремді жағамыз да, енді кивиді қойып шығамыз: Осылайша келесі бөлікке бананды, одан кейін шоколадты сеуіп, бітіреміз. Негізі менде коржік 5 шығу керек еді, ал менде 4 шықты. Соған орай шоколадты жәй ғана бетіне себуіме тура келді. Қалған жемістерді торт бетін сәндеуге жұмсаймыз. Торт (дайын болуы үшін 12 сағатқа тоңазытқышқа қалдыру керек).


20 желтоқсан 2019 ж. 356 0