Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмаудан сақтанайық!

Тұмаудан сақтанайық!

Тұмаумен ауыруды жеңіл қабылдауға болмайды. Себебі, ауру асқынып кетсе тыныс жолын, жүйке жүйесін, қан тамырларын, жүрек ұстамасына шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың вирусын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сол себепті жөтелгенде, түшкіргенде ауыз бен мұрынды қолымен немесе орамалмен жапқаны жөн. Сондай-ақ, бұл вирус науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және сол секілді басқа да нәрселері арқылы жұғып, тез тарайды. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы, т.б. заттары болуы және олар жиі қайнатылып, жуылуы тиіс.
Тұмаудың алдын алу жолдарының бірі – вакцина егу. Жыл сайын тұмауға қарсы егуді қабылдап жүрген адамның иммунитеті жоғары болатынын ғалымдар дәлелдеген. Бір мезгілде бір ауыл, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Сондықтан ауру басталғанда дереу дәрігердің кеңесімен дәрі қабылдау керек. Иммунитетті көтерудің тағы бір жолы – дұрыс тамақтанып, дене белсенділігімен айналысу.

Г.Жаналиева,
«Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-нің Сырдария ауданы бойынша маманы.
19 желтоқсан 2019 ж. 1 866 0