Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақ пен қоңыр. Қайсысын таңдайсыз?

Ақ пен қоңыр. Қайсысын таңдайсыз?

Ақ түсті жұмыртқа мен қоңыр түсті жұмыртқаның айырмашылығы жайында әртүрлі көзқарастар бар.

Кейбіреулер қоңыр түсті жұмыртқаның пайдалы екендігін айтады, ал кейбіреулері бұл жұмыртқаны дәмді деп есептейді, ал біреулер – қоңыр түсті жұмыртқа тәтті тоқаш пісіруге өте жақсы дегенді айтады, ал ақ түсті жұмыртқа торт пісіргенге қолдансаң дәмді болады - дейді massaget.kz

Бірақ олардың арасындағы ең үлкен айырмашылық: қоңыр түсті жұмыртқа – ол қоңыр, ал ақ түсті ол –ақ. Осы ғана! Жұмыртқаның құрамы оның  қабыршақ түсіне еш қатысы жоқ, онымен қоса, жұмыртқаның өлшемі оның түсіне де еш қатынасы жоқ.

Егер айырмашылық болса, онда оның түсіне емес, ол тауықтың жасына байланысты, жасы кіші тауықтың жұмыртқасы кішкентайлау болады. Егер коңыр түсті жұмыртқа пайдалырақ десеңіз, онда сумермаркетке барыңыз: ақ пен қоңыр түсті жұмырқалардың бағасы бірдей, ал, логикалық түрде қарасаңыз, пайдалырақ нәрсе құндырақ тұрады. Солай емес пе?

Алайда кейбір жағдайларда олай болмауы мүмкін. Бірдей тауарларға әртүрлі бағалар қою – бұл жай ғана маркетингтік айлакерлік.

Ақ жұмыртқаны ақ және ашық түсті айдары бар, ақ қанатты тауықтар береді, ал қоңыр түсті жұмыртқаны қызыл күрең түсті айдары бар қара түсті тауықтар береді.

Бұл әрдайым дәл осылай емес, тек бұл айырып алуға болатын кейбір белгілер ғана. Сонымен қызыл күрең түсті айдары бар қара тауықтар басқаларға қарағанда көбірек жем жейді екен.

Десе де айту кету керек, кейде жұмыртқалардың дәмінде айырмашылық болады, бірақ бұл олардың түсіне тікелей қатысы жоқ, ол тауықтардың қалай қоректенуіне байланысты.

Қоректену жұмыртқаның түсіне және сары мәйегінің дәміне әсер етеді.

Егер де екі тауықтың жұмыртқа түстерінде айырмашылық болып қалса, алайда екеуі де бір коректік заттармен қоректенген болса, онда жұмыртқаның түсі арқылы оның дәмін ажырату мүмкін емес. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

11 қараша 2019 ж. 1 021 0