Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тырнағыңыз күтімді қажет ете ме?

Тырнағыңыз күтімді қажет ете ме?

Зерттеу нәтижесі бойынша, әйелдер ақшасын, уақытының көп бөлігін шаш пен келбетіне бөледі екен. Ал, тырнақ пен қолдың ахуалына бірі аса назар аударса, енді бірі бас қатырғысы да келмейді. Әрине, салонға барып немесе үйде отырып-ақ маникюр жасап, тырнақты өсіріп алу жеткіліксіз. Күнделікті күтім қандай болуы керек?

1. Үйден шығар алдында қолыңызға ғана крем жағып қана қоймай, тырнағыңызды да ұмытпаңыз. Сонымен қатар, майды да үнемі өзіңізбен бірге, сөмкеңізде алып жүрсеңіз, балғындықты сезбеген кезде дереу қажетіңізге жарата аласыз. Себебі, кремнің құрғақтықтан және ультракүлгін сәулелердің алдын алуға септігі тиеді.

2. Ыдыс, еден жуғанда, шаң сүрткенде үй шаруашылығына арналған арнайы қолғапты пайдаланғаныңыз орынды. Қолданатын сұйықтықтардың құрамы алуан түрлі химиялық қоспалардан тұрады. Осының әсерінен тырнағыңыздың қабаты жұқарып, сынғыш болады.

3. Саусағыңызды жылы суға салып, тырнағыңыздың айналасындағы етті еппен алыңыз. Қажетті нүктелерге массаж жасап, рахат сезімге бөленіңіз.

4. Сұлулық пен саулық негізін қалыптастыру үшін С, А, Е дәрумендері бар көкөністер, сүт, теңіз өнімдерін қолданыңыз. Дәріханадан арнайы сұйықтықтарды да алуға болады.

5. Тырнағыңыз өзінен-өзі сынып, жағдайы мүшкіл бола бастаса, мынадай маскаларды назарыңызға ұсынамыз.

* Қоспаны ұйықтар алдында жасауға кеңес береміз.

Қайнап тұрған суға бір ас қасық зәйтүн майын қыздырып, 3-4 тамшы лимон шырынын қосыңыз. Дайын болған соң, уқалап жағыңыз. Таң атқанша мақтадан тігілген қолғапты киіп жатыңыз. Аптасына 1-2 рет жасасаңыз, тырнағыңыздың қатая бастағанына көз жеткізесіз.

Сондай-ақ,

* Бір ас қасық лимон шырынын аз ғана шымшым тұзбен араластырып, 20 минутқа жағып қойыңыз. Қолыңызды жуып тастаңыз. Әсері қайта-қайта қолданғаннан кейін пайда болады.

* 1 ас қасық сұйық немесе майсана майын қыздырыңыз. Тырнаққа жаққаннан кейін 10-15 минут ұстау қажет. Одан кейін қолыңызға ылғалдандыратын крем жағып қойсаңыз, әрлене түсер еді...

Тырнақтарыңыға сұлулық пен саулық негізін қалыптастырамын десеңіз, жалқаулық атаулысын мүлдем естен шығарыңыз. Өзіңізді еркелетіңіз. Әр әйел – сұлу, тек өзіңізді бағалай біліңізші!
30 қазан 2019 ж. 539 0