Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрік сүйегі майының сұлулыққа пайдасы

Өрік сүйегі майының сұлулыққа пайдасы


Өрік майын басқа сүйекті майлар секілді өріктің сүйегін суық сығымдау арқылы алады. Одан алған май экологиялық таза табиғи өнім болып саналады. Ол дәрумендер мен басқа да пайдалы заттарға бай. Өрік майы барлық типті тері түрлеріне күтім жасау үшін косметологияда кеңінен қолданылады. 

Өрік майының құрамындағы пайдалы заттар: 

- Терінің жасушаларын толық қызметпен қамтамасыз ететін көп қанықпаған майлы қышқылдар; 
- Теріні ылғалдандыратын және жұмсартатын А дәрумені; 
- Терінің жас әрі тығыз қалпын сақтайтын С дәрумені; 
- Теріге қажетті маңызды В дәрумені; 
- Терінің қайта қалпына келуін тездететін, қартаюын баяулататын және терідегі ұсақ тесіктердің кеңеюін алдын алатын F дәрумені (көп мөлшерде). 

Басы 

Өрік майын шашқа қолдану 

Өрік майының шашқа әсерін ең қымбат сусабындармен де салыстыруға келмейді. Майдың құрамындағы микроэлементтер шашты құнарландырады, ылғалдандырады және ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Өрік майы шашқа көмек беретін табиғи өнім. Егер өте ыстық жерге баратын болсаңыз, өрік майын өзіңізбен бірге алып кетіңіз. Ондай агрессивті жағдай шашты құрғатып, сынғыш етеді. Сондықтан шашыңызды күннің көзінен қорғау үшін су жағасына барарда оған өрік майын жағып алған жөн. Май шашқа жылдам сіңіп, ультракүлгін сәуледен қорғайды. 

Майды күнделікті қолданатын сусабынға қосымша ингредиент ретінде қолдануға болады. Сусабынға бірнеше тамшы (100 мл сусабынға 15-20 тамшы май) өрік майын тамызсаңыз, сусабын шашыңызға арналған емдік құралға айналады. Май қосылған сусабынмен шашты жуған соң, шашыңыздың жібектей және жұмсақ болғанын байқайсыз. 

Шашқа арналған құнарландырушы маска дайындау үшін өрік майын ысытып (буға ысытқан жөн), майды саусағыңызбен бас терісіне массаж жасай отырып, жағып шығыңыз. Оны орамалмен орап, 30-60 минут шамасында ұстау керек. Содан соң шашыңызды сусабынмен жуыңыз. 

Өрік майын тырнаққа қолдану 

Өрік майы қол терісі мен тырнақты күтуге, зақымдалған жерлерді емдеуге және тырнақ айналасындағы теріні жұмсартуға көмектеседі. Бірнеше күн қатарынан жылытылған майды қол терісіне және тырнаққа уақытылы жағып жүрсеңіз, жақсы нәтижені бірден байқайсыз. 

Тырнақ қатпарлануының алдын алу үшін 10 тамшыдан тең пропорцияда өрік майы мен кез келген зәйтүн майын (бергамот, иланг-иланг, қарағай) араластырып, тырнаққа және оның айналасындағы теріге массаждық қозғалыспен жағып шығыңыз. 

Өрік майын кірпікке қолдану 

Макияжды кетіру үшін жылы суға батырылған мақтаға 2-3 тамшы өрік майын тамызып, артық ылғалды сығып тастаңыз. Сол мақтамен жеңіл қозғалыспен кірпіктегі бояуды сүртуге болады. 

Интенсивті құнарландыру үшін және көз айналасындағы терінің тез қартаюының алдын алу үшін таза теріге бірнеше тамшы май жағыңыз. Артық майды мақтамен сүртіп тастауға болады.
12 қыркүйек 2018 ж. 1 609 0