Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралас салаларды қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді жоспарлау

Аралас салаларды қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді жоспарлау

Жаһандық жобалармен қатар экономиканың негізгі секторларын қамтамасыз ету бойынша ағымдағы міндеттер де орындалуда. Мәселен, елімізде жол-құрылыс саласын отандық битуммен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілді.

Жұмыс істеп тұрған төрт зауытты жаңғырту есебінен олардың жалпы қуаттылығы жылына 1,52 млн тоннаға дейін жеткізілді, бұл ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтейді.

2025 жылдың мамыр айында «Caspi Bitum» БК ЖШС жаңғырту аяқталды, бұл өндірістік қуаттылықты айына 50-ден 67 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша, елде битумды ішкі нарыққа жеткізу толығымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ қажет болған жағдайда 500 мың тоннаға дейінгі импорт қамтамасыз етіледі.

2025 жылғы 21 шілдеде Үкіметтің қаулысымен мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025-2040 жылдарға арналған Тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат көмірсутектерді өңдеу мен қосылған құны жоғары өнімді өндіруді тереңдетудің стратегиялық векторын анықтайды.

Барлық кешенді жұмыс Президент қойған басты мақсатқа — әрбір қазақстандықтың игілігі үшін жұмыс істейтін сенімді, заманауи және технологиялық дамыған отын-энергетикалық кешенге негізделген күшті және әртараптандырылған экономиканы құруға бағытталған.
21 тамыз 2025 ж. 163 0