Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Созылмалы остеомиелит қандай ауру?

Созылмалы остеомиелит қандай ауру?

Жілік майының іріңді қабынуы остеомиелит деп аталады. Жілік майына сырттан кіретін инфекцияның бірнеше жолы бар.
Оның ішінде қан арқылы өтетін түрі гематогенді остеомиелит жиі кездеседі. Микроорганизмдер қанға адам денесінің іріңді ошақтарынан (сыздауық, шиқан, ангина және басқа да іріңді процестерден) өтіп, жілік ма­йына орналасып ауруды қоздырады.
Сондай-ақ жілікке жақын ор­на­ласқан тіндердің ірің­деуі де осте­о­миелиттің өршуіне себепкер болады.
Жіліктің жарақаттан бұ­зылуы (ашық сынық, операция жасау және атыл­ған оқтан жарақаттану) остео­миелиттің іріңді және созылмалы болуы­­на жеткізеді. Ал, іріңнің жақын орна­ласқан буын қуысуына өтуі сол буынның қызметін бұзып (контрактура, артроз) адамның еркін жүріп-тұруына кедергі келтіреді.
Остеомиелиттің қан ар­­қы­лы таралу түрі аяқ ас­ты­нан жедел басталады. Науқастың дене қызуы 39-40 көтеріліп, бірнеше күнге дейін сақталады. Таң­ғы және кешкі температура айырмашылығы 1-2 дейін өзгереді. Жара іріңін шығарғанда дене қызуы 1-2 күнде төмендейді. Жаңа ірің ошағы пайда болса, дене қызуы қайта көтеріліп, іріңді ошақ ауыра бастайды. Науқас өзін әлсіз сезінеді, қол-аяғы сырқырап ауы­­рады. Аурудың жанына бататыны соншалық нау­­қас балалар түнімен ұйық­тамай жылап шығады, де­­не қозғалысы ауруды кү­­­шейтеді. Науқастанудың ұзақ­­­тығы іріңді процес­ке бай­­­ланысты.
Қабынған жіліктің бұл­шық еттері семиді, мүше қоз­­ғалысы нашарлайды. Ашыл­­­ған жылан көз орындары тыртықталып жазылады. Ауа райы өзгергенде, ауыр жүк көтергенде созылмалы остеомиелитпен за­қымдалған жілік сыз­­­дап ауырады. Жілік ма­й­ында тұрақты ірің оша­­ғының болуы, созылмалы остеомиелиттің жиі қайталануы бүйрек, бауыр және жүрек бұлшық еттерінің құрылыстарының түпкілікті бұзылуына жет­кізе­ді.
Созылмалы жиі қайта­ланатын жілік остеомиелиті адамның еңбек қабілетін төмендететін барлық хирур­гиялық сырқаттардың ішін­­­де екінші орында тұр. Гема­тогенді остеомиелит ірің ос­тео­миелиттердің 1/3-ін құ­­райды. Созылмалы остеомиелитпен ауыратын нау­қастардың 50% ауылдық жердің тұрғындары.

Г.ЖУНУСОВА,
№2 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы

12 қазан 2019 ж. 997 0