Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Үнемдеу режимі: денсаулыққа зиян

Үнемдеу режимі: денсаулыққа зиян

Кір жуатын машиналардың үнемдеу режимін қолдану адам денсаулығына зиян. Ғалымдар зерттей келе мұндай режим антибиотиктерге қарсы тұратын зиянды бактерияларды жоймайтынын айтты, – дейді baq.kz

Ғалымдардың мұндай шешімі MedicalXpress порталында жарияланған.

Бон ауруханаларының бірінің қызметкері ғалымдардан медициналық мекемедегі созылмалы эпидемияның басылмауының себебін сұраған.

Ғалымдар кір жуатын машинаның кір жуғыш ұнтақ салатын ыдысы мен барабанның ішіндегі резиналарда пневмония (өкпе қабынуы) ауруын қоздыратын көптеген бактериялар болатынын анықтады.

Ғалымдар бұл бактериялар үнемдеу режимінде жойылмайтынын айтты. Осының кесірінен адамның ішектері зақымдалады, яғни ішектің қабынуы мен асқазанның түрлі ауруға шалдығуына әкеп соқтырады.

Зерттеушілер егер үйде созылмалы жұқпалы аурумен немесе бітпейтін жарасы бар адамдар тұрса кірді үнемдеу режимінде жумау керектігін айтады.
30 қыркүйек 2019 ж. 601 0