Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Суды сүзгіден өткізіп ішіңіз

Суды сүзгіден өткізіп ішіңіз

Америкалық ғалымдар құбыр суын зерттеп, оны пайдалану қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін деп тапты, – деп хабарлайды stan.kz

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыс тобының зерттеушілері Америка Құрама Штаттарында судағы химиялық заттардың шамамен 100 мың ісік ауруы тудыратын жағдайға әкелуі мүмкін екенін анықтады. Барлығы шамамен 22 элемент есептелген, олар ұзақ қолданған жағдайда адам денсаулығына әсер етуі мүмкін. Зерттеуде судағы тұздар мен металдардың адам денсаулығына әсерін бағалайтын тәсіл қолданылды.

Қатерлі ісікке шалдығу қаупінің көп бөлігі судың мышьякпен ластануымен, жанама өнімдермен, уран және радий сияқты радиоактивті элементтермен байланысты.

Сонымен қатар, құрамында осы заттар бар су мемлекеттік стандарттарға сай болуы мүмкін дейді ғалымдар. Олар сүзгіден өткен судың ағзаға зиянды әсер қаупін азайта алатындығын атап өтті.

20 қыркүйек 2019 ж. 936 0