Қыз-келіншектерге арналған семинар
«Бастаманы қолдау» қоғамдық ұйымы мемлекеттік грант аясында «Қызылорда облысының ауылдық ҮЕҰ-дарының әлеуетін көтеру» жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы іске асуда. Жоба аясында «Ақмұрат» қоғамдық бірлестігі ауданға қарасты С.Сейфуллин ауылында «Екінші мамандық – қосымша табыс көзі» жобасы бойынша жұмыс жасап келеді. Оның мақсаты – ауылдағы қыз-келіншектерге екінші мамандыққа оқыту арқылы қосымша табыс табуды үйрету.
Осыған байланысты жақында С.Сейфуллин ауылының мектеп акт залында «Әлеуметтік желілермен жұмыс жасау» семинары өтті. Оған елді мекеннен 16 қыз-келіншек қатысып, әлеуметтік желіні қолдану, онда жарнама жүргізіп, қызметтерді қалай ұсыну керектігі үйретілді.
Айгерім НҰРЛАН,
«Ақмұрат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы