Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ V СЪЕЗІ ӨТТІ

«АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ V СЪЕЗІ ӨТТІ


ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының V съезіне қатысты, онда бизнесті дамыту стратегиясын өзектендіру және қызмет қорытындылары қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz
Съездің ресми ашылу рәсімінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың делегаттарға жолдаған хатын оқып берді.
«Құрметті «Атамекен» ҰКП V съезінің қатысушылары, ханымдар мен мырзалар!
ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының V съезінің ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.
Биыл «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына бес жыл толады. Осы уақыт ішінде Палата өзін бизнес қауымдастығының құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз институт ретінде айқындады. Ұлттық палата мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында тиімді ынтымақтастық орнатуға арналған байланыстырушы буын ретінде жұмыс істеді. Ұлттық палата еліміздің тұрақты дамуына үлкен үлес қосатынына сенімдімін.
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Кәсіпкерлік — экономиканың нақты локомотиві және қозғаушы күші. Қазақстан үшін іскерлік белсенділіктің дамуы өте маңызды. Біз аталған бағытта бірлесіп үлкен табыстарға қол жеткіземіз.
Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінде соңғы 10 жылда 64-тен 36-орынға дейін көтерілді. Елімізде макроэкономикалық тұрақтылық қамтамасыз етіліп, бизнес ахуал жақсара түсуде. ЖІӨ өсімі 4% құрайды, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары.
Құрылымдық және ұлттық реформалар жүзеге асырылуда, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, жаңа Салық және Кедендік кодекстер күшіне енді, кәсіпкерлікті реттеу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер пакеті қабылданды. Онда бизнес қауымдастықтың ұсыныстары барынша ескерілген. Аталған жұмыс жалғасады және кеңейтіледі. Отандық бизнесмендер, «Атамекен» ҰКП осы маңызды процеске белсене қатысуы тиіс.
Біздің стратегиялық мақсатымыз — Қазақстанның озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы. Бұл үшін еліміздің ЖІӨ-де ШОБ үлесін 50%-ке дейін ұлғайту қажет. Сонымен қатар, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында біз экономиканы жедел жаңғыртуға, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуге бет алдық. Әлеуметтік бастамалар аясында шағын несие беру ұлғайтылуда, «Бастау» жобасы секілді маңызды іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Тек осы жылы кәсіпкерлік негіздеріне 160 ауылдық аудандар мен 40 шағын қаланы қамти отырып, 30 мың ауыл тұрғынын оқыту көзделген. Барлық алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет пен «Атамекен» палатасының бірлескен және бірізді жұмыс атқаруы қажет.
Бүгінде Ұлттық палата өзін қазақстандық бизнес-қауымдастықты біріктірудің негізі ретінде танытты. Ұйым — ел дамуының стратегиялық реформаларын ілгерілету механизмі саналады. Бұл барлық отандық кәсіпкерлерді біріктіретін ТМД-дағы жалғыз құрылым, заң жүзінде бекітілген кең функциялары мен өкілеттіктері бар.
Бұл съезд Палатаның бес жылдық жұмысының қорытындысын шығарудың маңызды шарасы болатынына сенімдімін. Бұл қазақстандық бизнесті дамытудың жаңа перспективалық бағыттары мен салаларын анықтауға жол ашады. Еліміз Қазақстан Республикасының игілігі мен өркендеуі үшін жемісті еңбек пен жетістіктер тілеймін», — делінген Мемлекет басшысының жолдаған хатында.
Басқарма Төрағасы А. Мырзахметов ҰКП қызметінің қорытындысы мен Палатаны дамыту стратегиясын өзектендіру туралы баяндама жасады.

22 маусым 2018 ж. 9 073 692

canada drugs online pharmacy от 5 наурыз 2023 07:31

canada prescriptions online от 6 наурыз 2023 21:51

canadian pharma companies от 11 наурыз 2023 02:00

canadian drug store от 13 наурыз 2023 07:16

price medication от 25 наурыз 2023 17:28

canadian pharmacy от 26 наурыз 2023 19:11

canada pharmacies от 28 наурыз 2023 07:11

pharmacy от 28 наурыз 2023 17:54

pharmacy in canada от 4 сәуір 2023 03:29

buying drugs canada от 19 мамыр 2023 19:26

medicin without prescription от 15 шілде 2023 06:35

online pharmacy store от 21 шілде 2023 23:29

canada prescriptions от 22 шілде 2023 04:47