Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тұрғын үй саудасы бәсеңдеді: мәмілелер саны 13,5%-ға азайды

Қазақстанда тұрғын үй саудасы бәсеңдеді: мәмілелер саны 13,5%-ға азайды

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы белсенділік төмендеді. 2026 жылғы тамызда баспана сатып алу-сату бойынша 35 807 мәміле тіркеліп, шілдемен салыстырғанда 3,6%-ға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға азайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылғы тамыз айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 35 807 мәміле тіркелген. 2026 жылғы шілдемен салыстырғанда (37 158) мәмілелер саны 3,6%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 690 – 21,5%) және Астана (6 398 – 17,9%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 825 – 7,9%) көш бастап тұр. Ал ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелген – 277 мәміле (0,8%).

2026 жылғы шілдемен салыстырғанда ең жоғарғы өсім Алматы (5,9%) қаласында, Қостанай (5,5%) және Қарағанды (5,1%) облыстарында тіркелді. Ең үлкен төмендеу Алматы (-21,1%), Атырау (-15,7%) және Жамбыл (-13,7%) облыстарында орын алды.
Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 2026 жылғы шілде айымен салыстырғанда 3% (856 мәмілеге) азайды. 2026 жылдың тамыз айында пәтерлер бойынша барлығы 27 719 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,4%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (26%), Астана (22,6%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды – 10 806 мәміле.
2026 жылғы шілдемен салыстырғанда тамызда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 5,8% (495 мәмілеге) кеміді. Тамыз айында барлығы 8 088 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Қызылорда (7,8%), Қарағанды (6,3%) және Жетісу (2,7%) облыстарында тіркелді. Ең жоғарғы төмендеу Шығыс Қазақстан (-15%) облысында, Алматы (-14,6%) қаласында және Ақтөбе (-12,3%) облысында байқалды.

2026 жылғы тамызда тұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 13,5% азайды (41 380-нен 35 807 мәмілеге дейін). Мәмілелер санының ең жоғары өсімі Түркістан (+9,8%) облысында байқалды, ең үлкен төмендеу – Астана (-32,3%) қаласында. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 4,3% төмендеу байқалды.

Елдегі жылжымайтын мүлік нарығы өткен жылдан бері дағдарысты кезеңді бастан өткеріп жатқанымен, алдағы 3–5 жылда тұрғын үй бағасының қайта қымбаттауы әбден мүмкін. Сарапшылар мұндай болжамды халық санының өсуімен, урбанизация үдерісінің күшеюімен және 2008–2009 жылдары дүниеге келген буынның баспана сатып алу кезеңіне жақындауымен байланыстырған болатын.

Сурет: stat.gov.kz
13 қыркүйек 2026 ж. 38 0