Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » 9 айдағы қысқамерзімді экономикалық индикатор 4,4 пайыз деңгейінде бағаланады

9 айдағы қысқамерзімді экономикалық индикатор 4,4 пайыз деңгейінде бағаланады

9 айдағы қысқамерзімді экономикалық индикатор 4,4 пайыз деңгейінде бағаланады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.

«Қаңтар-тамыз аралығындағы қысқамерзімді экономикалық индикатор жылдық мәнде 4,4% деңгейінде бағаланып отыр. Іскерлік белсенділіктің кеңеюі ішкі және сыртқы сұраныспен қамтамасыз етіледі. Айтарлықтай өсім құрылыс, көлік, ақпарат және байланыс салаларында байқалуда. Өнеркәсіпте өңдеу секторының оң динамикасы сақталады. Ал, тұрақты ішкі сұранысқа байланысты сауда саласының көрсеткіштері қарқынды», - деді ҰБ төрағасы.

Оның атап өтуінше, ішкі сұраныс халықтың нақты табысының өсуімен қамтамасыз етіліп отыр. ҰСБ-ның жаңартылған мәліметтері бойынша, шілде айының соңында нақты кірістердің өсімі 4,5% болды. Сондай-ақ бұған экономиканың ресурстық емес секторындағы инвестициялық белсенділіктің кеңеюі мен жүргізіліп жатқан фискалдық ынталандыру өз ықпалын тигізіп отыр. 

«Ұлттық банк бақылап отырған іскерлік белсенділік индексі жылдың көп бөлігінде немесе сегіз жыл тарынан оң аймақта қалыптасты. Кәсіпорындар бизнес жүргізудің келешек шарттарын оң бағалады», - деді Тимур Сүлейменов.

Фото: Canva
11 қазан 2024 ж. 145 0