Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Нан өніміне сұраныс азайған

Нан өніміне сұраныс азайған

Қазақ халқы үшін нанның орны бөлек. Нанның қасиетін «Ас атасы – нан» деген бір ауыз сөзбен жеткізген.

«Нанның қиқымын шашпаңдар, обал болады» деп құлағымызға сіңіріп өскен ұрпақтың өкілі ретінде нанға деген құрметіміз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келетін ізгі қасиеттің бірі. Бұл қалпымызды сақтауға ата-бабамыздан келе жатқан ысырапшылдыққа жол бермеу әдебі десек артық айтқандық болмас.

Нан өндірісі туралы сөз қозғағанда ең алдымен «Неге біздің елде нан қымбат?» деген сауал туындайды. Бидайды шетелге экспорттайтын елде нан бағасының қымбат болуын ұн шығаратын зауыттың аздығымен байланыс­тырамыз. Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде 38 үлкен диірмен болған. Ал 1998 жылдары 2300 диірмен жұмыс істеп, әрбір ауылда бір-бір диірмен болған. 2023 жылы 120 диірмен ғана қалған. Ұн тарту бойынша елімізде 1998 жылы 5 миллион тонна ұн тартылған. Ең рекордтық көрсеткіш 2012 жылы болған. Ол жылы 7,6 миллион тонна ұн тартылған. Міне, арада қанша жыл өтіп, сол өндірістен қол үзген шаруалар әлі есін жимай келеді.

Қазақстанда бидай арзан, ұн мен нанның қымбат болуы өндірістің азайып кетуімен байланысты. Бұл ретте нан өнімдеріне деген сұраныстың азаюы да оның бағасына әсер ететін фактордың бірі. Шикізат сыртқа экспортталатындықтан, өнім қымбат бағамен қайтып келеді. Сондықтан нан бағасы да қымбаттай түседі. Көбіне наубайханашылар ұнның қымбаттауымен нан бағасын көтеретіні рас.

– Бұрындары дастархандағы нанды таласып жейтін едік. Әсіресе жаңа піскен нанның дәмі тіл үйіретін. Қазір нан пісіріп жейтіндер тіпті азайған. Дүкендегі нанды сатып алады. Ал оның ашытқысы мүлдем көп болатындықтан ашып, нан бұзылады. Үлкен қалаларда нан зауыттары бар, олардың технологиясы бөлек болғандықтан нанның сапасы да жақсы, көлемі де сай болады. Ал біздің наубайханаларда оның технологиясын қадағаламайтындықтан, салмағы мен сапасына мән бермейді. Оның өзі халықтың сұранысын толық қамтымайды. Мәселен, демалыс күндері дүкендерде нан болмайды. Наубайхана бұл күндері жұмыс істемейтіндіктен, демалыс күндері нан табу қиын. Сондықтан, кәсіпкерлер осыны ескерсе екен. Шын мәнінде ұн бағасы бізде қымбат, маңызды азық-түліктің қатарындағы өнімнің бағасы қарапайым халықтың қалтасы көтеретіндей болуы керек, – дейді кент тұрғыны Г.Сансызбаева.

Халықты нанмен қамтамасыз ету бойынша бүгінде кентте бірнеше шағын наубайхана жұмыс істейді. Олардың барлығы аудан халқын толық қамтамасыз ете алмайтындықтан, жеке дүкен иелері Қызылорда қаласынан келетін нанды қабылдауға мәжбүр. Ауданда бидай өсіріп, өз диірменінде ұн тартып, оның өнімін тұрғындарға ұсынатын Шаған ауылы ғана бар. Ауылдағы шаруашылық жыл сайын бидай егіп, одан өнім алады. Алынған бидай өз диірмендерінде тартылып, серіктестіктің наубайханасында жергілікті халық үшін және шаруашылықтың дала қосындағы еңбеккерлері үшін нан пісіріледі. Дегенмен, жергілікті өнімге деген сұраныстың аздығынан күн сайын дайындалатын нан өнімінің көлемі де азайған.

– Күніне дүкенге бір мәрте ғана нан келеді. Оны жергілікті наубайханадан аламыз. Халықтың тұтынатын ең маңызды өнімі болғандықтан, кейде нан тауып беру қиынға соғады. Ауданды толық қамтамасыз ететін ірі наубайхана жоқ. Сондықтан сырттан, қаладан келетін кәсіпкерлерге жүгінеміз. Әрине, өзің пісіріп жегенге не жетсін, бірақ халықтың көбі нанды сатып алғанды жөн көреді. Бағаны бұрынғымен салыстыруға болмайды, өсіп барады, – дейді жеке кәсіпкер К.Обашқанова.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
13 шілде 2024 ж. 103 0