Қазақстанда газ бағасы көтерілуі мүмкін
Энергетика министрлігі 1 шілдеден бастап газ бағасын көтеруді жоспарлап отыр. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл шешімге қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Құзырлы орган аталған бұйрық жобасын талқылауға шығарды.
«Сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрайды (бұрын – 40 320 теңге). Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты литріне 5-тен 8 теңгеге дейін аздап өседі», делінген министрлік хабарламасында.
Ведомоство сұйытылған газ бағасын көтеруге түрткі болған мәселелерді атады.
Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен. Осылайша сұйытылған мұнай газы (СМГ) өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Ал өңдеуші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Осылайша өндірілген әрбір тонна газдан зауыттар 20-30 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды.
Жылдан жылға СМГ тұтыну көлемі күрт өсіп жатыр. Өткен жылдың өзінде Қазақстанда тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28%-ға өсті. Мәселен, 2023 жылы СМГ тұтыну көлемі 2,2 млн тоннаны құрады (2022 жылы 1,8 млн тонна). Қазіргі таңда тапшылық деңгейі шамамен 20-25 %-ға жетеді.
Қазақстандағы СМГ ең төмен бағалар аймаққа байланысты – 54-тен 86 теңге аралығында. Өзге елдермен салыстыратын болсақ, бұл төмен сома. Мәселен, Ресейде бір литр газдың бағасы - 132 теңге, Әзербайжанда – 171 теңге, Тәжікстанда – 273 теңге. Сарапшылардың болжамына қарағанда, 2024 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаға жетеді. Бұл жағдайда газ тапшылығы 30-40%-ды құрауы мүмкін.