Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Игі бастамалар жалғасын таппақ

Игі бастамалар жалғасын таппақ

Сыр өңірінде биыл бастау алған нәтижелі жобалар келер жылы да жалғасын табады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихаттың кезекті VIII сессиясында айтты.

Аймақ басшысы мәслихат депутаттарына 2024 жылдың бюджет жобасын таныстырып, алдағы жылы да елді мекендерді дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған жобалар іске асырылатынын айтты.

«Облыс орталығын дамыту» бағдарламасы шеңберінде 3,7 млрд.теңге бөлініп, бұл қаржы Қызылорда қаласындағы Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін жол өткелін салуға, Яссауи көшесін қайта жаңғыртуға, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы арқылы Қызылжарма каналына өтетін көпір құрылысына бағытталды. Мұнымен қоса, «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында Арал, Қазалы қалаларына 1,6 млрд.теңге қаржы қаралған. Ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуда, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуде, жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруда «Ауыл – ел бесігі» жобасының маңызы жоғары. Аталмыш жоба аясында 2024 жылы аймағымызға 5,5 млрд.теңге қаржы жоспарланып отыр», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Биыл бастау алған «Ауыл аманаты» жобасы 2024 жылы да жалғасады. Ауыл халқының табысын арттыруды көздейтін жоба аясында республикалық бюджеттен 5,7 млрд.теңге көлемінде несие берілуде. Айта кетейік, 2023 жылға осы жоба шеңберінде 3 млрд.теңге бөлінген болатын.

«Сондай-ақ, аймағымызға алғаш рет агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен берілетін кредит есебінен 5 млрд. теңге бөлінуде. Бұл ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге 2,5 пайыздық несие беруге бағытталады», – деді облыс әкімі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметі
14 желтоқсан 2023 ж. 182 0