І тоқсан қорытындысымен инвестиция тарту көлемі 52,2 пайызға өсті
Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев айтты.
«Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында өңірде әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыпты. Негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты.Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі4,6 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
1,7 пайызға, инвестициялар тарту 52,2 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 38,7 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі
2,9 пайызға және сауда көлемі 2,1 пайызғаартты», – деді облыс әкімі.
Сессияның күн тәртібіне 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті кезекті нақтылау мәселесі ұсынылды.Облыстық бюджеттің өз кірістерін 4,5 млрд.теңгеге ұлғайту, сондай-ақ бірқатар бюджеттік бағдарлама әкімшілері үнемдеген және оңтайландырылған қаржыны 15,7 млрд. теңгеге қысқарту, 5,3 млрд. теңгежергілікті атқарушы органның мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымын ұлғайту жоспарлануда.
Облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов жергілікті бюджет нақтылау қорытындысымен 592 млрд.теңгеге жеткенін айтып, аймақ басшылығына алғыс білдірді.
«Қазіргі таңда облыс бюджеті 592 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл Мемлекет басшысы мен Үкімет көрсеткен қолдаудың, аймақ басшысының жүйелі жұмысының нәтижесі деп білеміз», – деді ол.
Облыстық бюджетті 25,5 млрд. теңгеге нақтылау ұсынылды. Бұл қаржы өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталмақ. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандырудың ағымдағы шығындарына және әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалады. Жылу-энергетикалық жүйені жаңғырту, «Қызылорда жылу электр орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жылу энергетикалық қондырғыларын дамыту жобалары қаржыландырылады.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биыл облыста облигациялық қарыздар есебінен 12 әлеуметтік тұрғын үй құрылысын салу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруға, Қызылорда қаласының сол жағалауындағы тұрғын үй құрылысына және инженерлік инфрақұрылым желілерін тартуға қосымша қаржы бағыттамақ.
Мұнан бөлек, республикалық бюджетті нақтылау кезінде аймағымызға 39,9 млрд.теңге қаржы бөлінді. Нысаналы трансферттер мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын ұлғайтуға, «Ауылда денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған. Сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарының құрылысына, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға, көлік инфрақұрылымын, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді, су және жылу желілерін дамытуға бағытталмақ.
Айта кетейік, сессияның күн тәртібінде Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының есебі тыңдалып, Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 153 «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құрамын бекіту және т.б. мәселелер қаралды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі