Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Кәсіпкерлер палатасы Германияда бизнес-тағылымдамадан өтуге шақырады

Кәсіпкерлер палатасы Германияда бизнес-тағылымдамадан өтуге шақырады

«Атамекен» ҰКП шетелдік ұйыммен бірлесіп, Германияда «Іскерлік байланыс» құралы бойынша бизнес-тағылымдамаға қатысуға өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Биыл өтінімдер «жасыл» технологиялар саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер арасында қабылданады.
Өтінімді 2023 жылғы 24-31 шілде аралығында өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы офлайн режимде беруге болады.

Қатысушылар Германиядағы «жасыл» технологиялардың өзекті тенденцияларымен танысады. «Жасыл» технологияларға қоршаған ортаны қорғауға және ресурстарды тұтынуды азайтуға қызмет ететін өнімдер, процестер мен қызметтер кіреді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

• өз қызметін экономиканың жоғарыда көрсетілген секторларында жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік;

• жылдық орташа табысы 10 000 (он мың) айлық есептік көрсеткіштен кем емес;

•  келіссөздер жүргізу, басқарушылық шешімдер қабылдауға өкілеттігі бар жоғары буын басшылар;

Компанияарға қойылатын талаптар:

•  жаңартылатын көздерден энергия беретін немесе күн батареялары мен модульдері, жел турбиналары, жел электр станцияларын өндіру және орнатуды жоспарлаған компаниялар;

• энергетика секторымен жұмыс істейтін, әсіресе энергия тиімділігіне баса назар аударған консалтингтік компаниялар;

• ағынды суларды басқару саласындағы компаниялар;

• айналмалы экономика, таза өндіріс, эко-дизайн, эко-қаптамаға қызығушылық танытатын компаниялар.

Толығырақ atameken.kz сайтынан немесе Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қорқыт ата №123 мекенжайында орналасқан Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасынан білуге болады. Байланыс құралы: 8/7242/400981. Жауапты маман: Салтанат Шоникова. 
24 шілде 2023 ж. 283 0