Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Елімізде шағын және орта байланыс операторларын дамыту үшін қандай шаралар қабылданды

Елімізде шағын және орта байланыс операторларын дамыту үшін қандай шаралар қабылданды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына орай елімізде шағын және орта бизнес операторларын дамыту үшін қабылданған шараларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шағын және орта байланыс операторларын дамыту үшін мынадай шаралар қабылданды: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң аясында жергілікті атқарушы органдарға байланыс желілерін құруды және пайдалануды ұйымдастыру мүмкіндігі ұсынылды. «Байланыс туралы» Заң ауқымында электр берудің әуе желілері арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу мүмкіндігі көзделген. Электр берудің әуе желілері арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу жөніндегі техникалық сипаттамалар бөлігінде электр қондырғыларын орнату қағидалары өзектілендірілді. Байланыс желілерін төсеу үшін кәбілдік кәрізге ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидалары өзектілендірілді», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов осы жылдың басынан бері облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері шағын және орта байланыс операторларымен тұрғындардың Интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша меморандумдар жасасып, жол карталарына қол қойылғанын атап өтеді.

«Қабылданған шаралар шағын байланыс операторларын және инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған», - деді Премьер-Министр.
19 шілде 2023 ж. 244 0