Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылғы бидай алқаптары ішкі нарықты қамтамасыз етуге жетеді - министрлік

Биылғы бидай алқаптары ішкі нарықты қамтамасыз етуге жетеді - министрлік

Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін дәнді дақылдар, атап айтқанда бидай алқабы жеткілікті. Бұл туралы ҚР АШМ егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде Азат Сұлтанов биыл Қазақстан қандай астық жинауы керек деген мәселеге тоқталды.

Оның айтуынша, қазір бірдеңе болжауға әлі ерте, өйткені негізгі астық егетін аймақтарда науқан әлі басталмады.

«Мамыр айында егіс науқаны жаппай жүргізіледі. Бұл өнімділік егін салынған соң көшеттерге қарай болжанады. Бірақ жалпы дәнді дақылдарды, атап айтқанда бидай өндіру ішкі нарықты қамтамасыз етуге жеткілікті, яғни астықсыз қалмаймыз», - деп түсіндірді ол.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек 2023 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы жасалғанын айтты.

Мәселен, биыл жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрайды, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 68,6 мың гектарға артық.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 117 мың гектарға, азықтық дақылдар алаңдарын – 36,5 мың гектарға және қант қызылшасы алаңдарын – 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр.
09 наурыз 2023 ж. 288 0