Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қандай?
Бүгінде мемлекет халықтың әл ауқатына қатысты жұмыстарды қызу жүргізіп келеді. Оның ішінде әлеуметтік салаға баса назар аударылып жүр. Қазіргі таңда көп балалы жанұяларға берілетін төлемдер мен балаға төленетін жәрдемақы төңірегінде және де зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына сонымен қатар, әйелдердің зейнетке шығу жасының ұлғаюына қатысты өте көп сұрақтар туындап жүргенін жасырмаймыз. Осы сауалдарға түсіндірме берсек.
«2023-2025ж.ж. арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес 01.01.2023 ж. бастап:
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 40 567 теңге;
базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24341 теңге мөлшерінде белгіленді.
Бұдан басқа, жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 46 АЕК-тен 55 АЕК-ке (189 750 теңге) дейін арттырылды.
Көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақы
Биылғы жылдан бастап көп балалы аналарға арналған жәрдемақы төмендегідей мөлшерде төленеді. Егер отбасында 4 бала болса – 55304 тенге, бес балалы аналараға –69138 тенге, ал алты бала болса – 82973 тенге беріледі. 7 балаға – 96 807 теңге, 8 және одан көп бала болса әр балаға – 13 800 тенге мөлшерінде төлем жүргізуде.
– Көп балалы аналардың үлкен баласы 18 жасқа толып, мектептен кейінгі мекемелерде және жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімде оқып жатқан болса, сол оқу орнынан анықтама алып ХҚО тапсыру арқылы жәрдемақыны создырып отырады. Үлкен баласы мектептен кейінгі мекемелерде немесе жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімде оқып жатқан болса, жәрдемақыны баласы 23 жасқа дейін алуға мүмкіндігі бар.
Балаға төленетін жәрдемақы
01.01.2023ж. бастап бала күтіміне байланысты жәрдемақы менМӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдердің төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылды.
Елімізде босанғанға дейін әйелдерің жұмыс істемеуі мүмкін жағдайлар да кездеседі. Осыған орай бала туу кезектілігіне байланысты, сонымен қатар, бір жарым жасқа дейінгі бала санына қарай бала күтіміне қатысты төлемдер әртүрлі болады. Бұл көмек жұмысы бар, сонымен бірге жұмыссыз әйелдерге мемлекеттік қаражаттан төленеді. Осы жылдың басынан бастап бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда берілетін бір реттік жәрдемақының көлемі(38-АЕК) – 131100 теңгені құрады, ал төрт және одан да көп бала туылғанда (63-АЕК)– 217350 теңгегені құрады. Егер әйел өмірге егіз, үшем немесе төрт баланы дүниеге әкелсе, бір жолғы мемлекеттік төлем әр сәбиге беріледі. Нәрестенің бір жарым жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдем сәби бір жарым жасқа толғанғаша төленеді. Ол республикалық және мемлекеттік сақтандыру қорынан беріледі. Ал жұмыссыз аналарға бір жарым жасқа дейінгі төленетін жәрдемақы көлеміне келер болсақ, 1 балаға – 19872теңге, 2 балаға – 23495теңге, 3 балаға – 27083 теңге төленсе, төрт және одан да көпбалаға – 30705 теңге төленеді. Ал жұмысы болған аналарға төлем басқаша есептелініп беріледі.
Зейнетақыға қатысты көп қойылатын сауалдарға келсек
Жалпы зейнетақы төлемі үш түрге бөлінеді. Олар базалық зейнетақы, ынтымақтық немесе еңбек зейнетақысы және жинақтаушы зейнетақы болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жұмыс беруші қызметкердің ай сайынғы табысының 10 пайызын міндетті зейнетақы жарнасы ретінде тұрақты түрде аударып тұруды қажет етеді. Төлем жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотына аударылады. Ал базалық зейнетақы азаматтардың 01.01.1998ж. дейінгі еңбек өтілі мен 01.01.1998ж. кейінге зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болып табылады. Еңбек зейнетақысында 01.01.1998ж. дейінгі еңбекөтілі ерлер үшін 25 жыл, әйелдер үшін 20 жыл болғанда және 01.01.1998ж. бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық жалақысы есебінен тағайындалады. Ал еңбек өтілі толық болмаған жағдайда зейнетақы төлемдерi жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 01.01.1998ж. дейінгі еңбекөтіліне пропорционалды түрде есептеледі.
–Биылғы 2023жылы зейнетақы мөлшері–53067теңгені құрады. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері еңбек өтіліне қарай –24341-ден–40567 теңгеге дейін тағайындалып, төленеді.
Ал бүгінгі күні елімізде әйелдердің зейнет жасын ұзартуға қатысты мәселеге келсек
ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету заңына сәйкес әйел адамдардың зейнетақы жасы 58 жас болып белгіленген. 2015 ж. ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізу барысында әйел адамдардың зейнетақы жасы 63 жасқа ұзартылды. Ұзартылу мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2027 жылдар аралығында зейнетақы жасына 6 ай қосылып отырып жүзеге асырылу жоспарланған болатын.
ҚР президентінің 01.09.2022 жылғы Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін артыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылып, 2023жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын жоспарланған ұлғайтуды 2028жылға дейін 5 жылға тоқттатылып, 61 жас болып бекітілді.
Ал зейнет жасына жетіп, зейнетке шыққан азаматтармен азаматшалар зейнет жасынан кейін жұмыс істеуді жалғастырған жағдайда, зейнетақы мөлшерінің өсуіне ешқандай септігі тимейтіндігін айтқым келеді.
К.Сарсенов,
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы