Электронды қызмет алу – уақыт талабы

«Электрондық үкімет» веб-порталын құруға Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10-шы қарашада «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкіметті» құру туралы мемлекеттік бағдарламасы» туралы Үкімі негіз болды. «Электрондық үкімет» порталы 2006 жылы іске қосылды.
Электрондық үкімет – халықтарды ел үкіметімен тікелей байланыстыруды қамтамасыз ететін жүйе.
Қазақстанда «Электрондық үкімет» азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуі сапасының жоғарылығы мен қысқа мерзімділікке және мемлекеттік органдардың қызметінің ақпараттық базасымен байланысты қамтамасыз етуге, мемлекеттік аппарат құрамы бойынша эффективті және тиімді құрылуына бағытталған «Электрондық үкімет» азаматтардың мемлекетпен өзара әсерін және мемлекеттік қызметпен байланысын тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн, географиялық орналасуы мен жыл мезгілдерінен тәуелсіз қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік мекемелердің барлық қызмет түрлері әрбір адамға кез-келген уақытта көрсетіледі.
Бүгінгі күні облысымызда «электрондық үкімет» порталы арқылы бір айда 1,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Аталған көрсеткіш «электрондық үкімет» порталы халық үшін ыңғайлығы және тиімділігін көрсетеді.
Қорытындылай келе, электронды форматта қызмет алу ХХІ ғасырдың талабы екені анық. Аталған уақыттың талабына E-gov «электрондық үкімет» порталы толықтай сай екенін уақытпен және оң көрсеткіштермен дәлелдеп келеді.
Р.Еспенбетов,
ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің
ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің,
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының
бас маманы
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының
бас маманы