Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақстанда ұн 41%-ға қымбаттады

Қазақстанда ұн 41%-ға қымбаттады

Сарапшылардың деректеріне сәйкес, бір жыл ішінде Қазақстанда ұн 41%-ға қымбаттады. Сонымен қатар 2022 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша ұн бағасы бір айда 4,3%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ Energyprom зерттеуінде айтылғандай, 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында ұн бағасының өсуі бойынша рекорд тіркелді. Олар тиісінше 7,5% және 6,8%-ды құрады.

Сарапшылар ұн бағасының ең жоғары өсімі Павлодар облысында (12,8%-ға) тіркелгенін нақтылап отыр. Сондай-ақ бұл тізімде Жетісу (12,4%-ға) және Батыс Қазақстан (11,9%-ға) облыстары бар.

«Сонымен қатар ұн Ақмола (0,3%-ға), Ақтөбе (0,6%-ға) және Солтүстік Қазақстан (0,8%-ға) облыстарында қымбаттады», делінген хабарламада.

Зерттеуде жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі нарығында ұнды сату 21%-ға төмендегені айтылған.
29 қыркүйек 2022 ж. 251 0