Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 57 жоба ұсынылды

57 жоба ұсынылды

Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жоспарланған құрылыс нысандарының жобаларын қарау жөнінде облыстық кеңестің кезекті оты­рысы өтті. Онда Сырдария ауданынан ұсынылған жобалар қаралды.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын 57 жобаны ұсын­ды. Аудан басшысы ұсынылған жобалардың маңыз­ды­лығын атап, қаржыландыру көздеріне тоқталды.

Кеңесте бірқатар ұсыныстар әлі де зерделеніп, оңтайландыру қажеттігі айтылды. Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетұлы білім, мәдениет, спорт, жалпы әлеуметтік саланың дамығанын қолдайтынын білдірді. Дегенмен бірінші кезекте тұрғындарға ауыз су, газ, жол инфрақұрылымдарын жеткізу, осы мә­селелерді шешу маңыздырақ екеніне көңіл бөлудің кезі екені жеткізді.

Қазіргі уақытта аудандар мен Қызылорда қаласында жоба-сметалық құжаттарға қаржы бөлу тоқтатылған. Облыс бойынша 205 дайын жоба бар. Оны іске асыруға 124 млрд теңге қажет.

Айта кету керек, Кеңес мүшелері жоба құжат­та­рының өзектілігін, тиімділігін және сәулеттік кел­бетінің үйлесімділігін қарайды. Ол үшін Кеңес құрамына бел­гілі қаржыгерлер, құрылысшылар, жобалаушылар, өз саласының білікті мамандары тартылған.







«ТТ» ақпарат
28 мамыр 2022 ж. 287 0