Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалағаш ауданы ұсынған 53 жоба кеңесте талқыланды

Жалағаш ауданы ұсынған 53 жоба кеңесте талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен құрылыс нысандарының жобаларын қарау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов әр жобаның маңыздылығына тоқталды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша 24 жоба, жоба-сметалық құжаттарды дайындау бойынша 29 жоба, құжаттарды әзірлеуді қажет ететін 12 жоба ұсынды. Сұралған қаржының құны 12,6 млрд теңге.

Алдыңғы кезекте әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерін газға ауыстыру ұсыныстары қолдау тапты. Күрделі жөндеуді қажет ететін ғимараттардың жұмыстары кейінге шегерілді. Ауқымды жобалар республикалық бюджеттен және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға жіберілетін болды.

Айта кету керек, кеңестің алдағы отырысында Арал, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласының құрылыс нысандарының жобалары қаралады.
26 мамыр 2022 ж. 219 0