Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға бір айда 1,9 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілген

Қазақстандықтарға бір айда 1,9 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілген

Елімізде 2022 жылғы наурызда 1,9 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілді. Бұл өткен ақпан айына қарағанда 5,5%-ға көп.

Агенттіктің мәліметінше, экономикаға кредиттер 2022 жылғы наурызда 0,6%-ға ұлғайып, 19,2 трлн теңгені құрады. 2022 жылғы наурызда жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1,2%-ға 11,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,2%-ға 8,1 трлн теңгеге дейін төмендеген.

«2022 жылғы наурызда ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 1,7%-ға 17,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер көлемі, негізінен, теңгенің айырбастау бағамының 5,7%-ға(бір доллар үшін 495,0 теңгеден 467,0 теңгеге дейін) нығаюы нәтижесінде 8%-ға 1,9 трлн теңгеге дейін төмендеді. 2022 жылғы 1 наурызда теңгемен кредиттердің үлес салмағы 90,3%-ды құрады. 2022 жылғы наурызда 1,9 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілді, бұл 2022 жылғы ақпанға қарағанда 5,5%-ға көп», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар наурыз айының қорытындысы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі кредит портфелінің жалпы көлемінің 3,6%-н құрады (2022 жылдың басында – 3,3%).

Шағын және орта бизнесті есепке алғанда заңды тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 4,3%-ды құрады (2022 жылғы қаңтарда – 3,4%). Жеке тұлғалардың портфелінде – 3,7% (2022 жылғы қаңтарда – 3,7%). 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 74,9%-ды құрады.

09 мамыр 2022 ж. 204 0