Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпан айының 1 күні ескі банкноттар айналымнан шықпақ

Ақпан айының 1 күні ескі банкноттар айналымнан шықпақ

1 ақпаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталады. Бұл туралы Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттар банкноттар қолда бар болған жағдайда, Ұлттық банктің жақын маңдағы филиалына барып, 1 ақпан сағат 15:00-ге дейін ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырып алуды сұраймыз», деді Ж. Қажымұратов.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 2 ақпанынан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.

28 қаңтар 2021 ж. 431 0