Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Банкноттарды айырбастау 1 ақпанға дейін ұзартылды

Банкноттарды айырбастау 1 ақпанға дейін ұзартылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халықтан келген көптеген өтініштерді ескере отырып, 2006 жылғы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық банк» филалының қолма-қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің басшысы Светлана Ибраева баяндады.

«2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді. Қазіргі таңда, Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. Олардың мекен-жайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады»,- деді Светлана Еділқызы.
28 желтоқсан 2020 ж. 648 0