Жоспарлы медициналық көмек 1 тамыздан бастап қайта жанданды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 тамыздан бастап халыққа жоспарлы медициналық көмек көрсету жоспары әзірленді. Бірінші кезекте, COVID-19 қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға қатыстырылмаған стационарларды кезең-кезеңмен іске қоса отырып, республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникаларда, монопрофильдіь клиникаларда жоспарлы емдеуге жатқызу қалпына келтіріледі, деп хабарлады «ӘМСҚ» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Пандемия кезеңінде көптеген жоспарлы қызмет кейінге қалдырылғанын ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерге деген сұраныс айтарлықтай өседі деп болжап отыр. Осыған байланысты медициналық көмекті қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізілуде.
Қордың болжамы бойынша, үшінші тоқсанда жоспарлы көмек көлемі МӘМС жүйесін енгізу кезінде көзделгендей, жыл басындағы деңгейге дейін өсуі мүмкін.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда барлығы 32 896 науқас емделді, оның ішінде жоспарлы түрде 12 584 адам (37,4%), екінші тоқсанда27 637науқасемделді, оның ішінде жоспарлы түрде 9 018 адам (32,7%) емделді.
Осылайша, екінші тоқсанда МӘМС жүйесіндегі қызметтер көлемі төмендеді: бірінші тоқсанмен салыстырғанда жоспарлы емдеуге жатқызу 4,7% - ға, медициналық оңалту 1,8есе (45%) төмендеді. Ал жоғары технологиялық қызметтерк өлемі 53% - ға өсті.
«Денсаулық сақтау жүйесі вирусты жеңеді деп үміттенеміз және Қорпациенттер алдындағы өзінің іске аспай қалған міндеттемелеріне қайта оралады», - деді Бақыт Исмаханбетов.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі