Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Халық санағы: келесі жылға ауыстыру ұсынылды

Халық санағы: келесі жылға ауыстыру ұсынылды

Шешімнің негізгі мақсаты - санақты жүргізетін мамандарды ғана емес, оған қатысатын халықты да инфекциядан қорғау

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халық санағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұлттық халық санағы 1-30 қазан күндері өткізіледі деген жоспар болған. Алайда санақ кезінде мамандар үйлерді аралап, адамдармен тығыз араласады. Ондайда коронавирустың таралу қаупі бар. Осыған байланысты ұлттық экономика министрлігі халық санағын келесі жылға ауыстыру туралы ұсынысты үкіметтің қарауына енгізді", - деді Дәленов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, осы шешімнің негізгі мақсаты - санақты жүргізетін мамандарды ғана емес, оған қатысатын халықты да инфекциядан қорғау.

"Біз осындай шешім қабылдадық. Енді үкіметтің жауабын күтіп отырмыз", - деп атап көрсетті Дәленов.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы халық санағы 2009 жылы өткізілген болатын. Заң бойынша ондай шара әрбір он жыл сайын өтуі керек. Былтыр оны 2020 жылдың ақпан-наурыз айларында ауыстырған болатын. Ал осы жылы тағы қазан айына ауыстырды.



29 шілде 2020 ж. 1 090 0